Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда халық арасында құқықтық кеңестер беру мен ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор.
Атап айтқанда, өткен жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының аясында белсенді азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мен жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ басқа да ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде қосылуда.
Атқарылған жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және алдын алуға бағытталған жаднамалар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда А5 форматта – 2000 дана, 2000 дана брошюра, ақпараттық таратпа материалдар әзірленіп, таратылды.
Бұл ретте, 2025 жылғы 30 мамырында және 31 қазанда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық әлеуметтік акция өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету және құқықтық мәселелерді шешуде қолдау көрсету.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына құқықтық кеңес көрсетті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мобильді топ Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес көрсетті.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 8-13 қараша күндері Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, “мүлдем төзбеушілік” қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтті.
2025 жылдың 16 қараша күні Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменен студент жастар арасында «TIME QUEST» квест ойыны қалалық жастар орталығының ғимаратында өткізілді.
Бұдан бөлек, Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті. Оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс-офицері, дінтану магистрі Әлібек Жаппасбаев бас спикер ретінде сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның алдын алу тетіктері жөнінде мазмұнды ой бөлісті. Ол адалдық қағидаттарын ұстанудың мемлекеттік қызмет пен еңбек ұжымдары үшін маңызын ерекше атап өтті.