Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2025 жылғы
ІV тоқсандағы жағдайы туралы
Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 14 пен 35 жас аралығында 248 279 жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,4%-ын құрады.
Ақпарат үшін: Республика бойынша 9 орында. Оның ішінде 113 052 (45,5%) – қала, 135 227 (54,5%) - ауыл жастары.
Жастарды дамыту мен қолдауға 2025 жылға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 105,0 млн.теңге (2024 ж. 1 938,9 млн. теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 36 жобаға(2024 жылы – 30 жоба) 312,7 млн. теңге, облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 592,3 млн. теңге бөлінді.
«Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына 1 200,0 млн теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн. теңге қаржы бөлінді (барлығы 1 700,0 млн. теңге).
2025 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі - 3,4%-ды құрады (2024 ж. 3,4%). NEET санатындағы жастардың үлесі 7,0%-ды (16 158) құрады (2024 ж. – 7,5%).
Аймақта жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу), білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылы «Мүмкіндіктер алаңы» 103 мәрте өткізіліп, 326 мекемеден 4 211 бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде: 2 526 жас тұрақты жұмысқа жолдама алды, 20 мыңға жуық жасқа кеңес берілді.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатарында жазғы демалыс кезеңінде облыс бойынша 1 200 жас (оқушы, студент, жұмыссыз) жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, аталған жобаға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан және NEET санатындағы жастар тартылды.
Сондай-ақ ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына 800-ден аса жас тіркелді.
Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлескен «КОММУНИТИ» орталықтары (қаланың шет аймақтары Титов мөлтек ауданы, М.Ералиева мәдениет үйі, Тасбөгет кенті, С.Майқанова мәдениет үйі) іске қосылды. Аталған орталықта жастарға бағыт-бағдар беру, шығармашылық әлеуетін көтеру, біріктірілген идеялар алмасу, бейресми білім беру, сондай-ақ қажетті дағдыларға бейімделуіне мүмкіндіктер қарастырылған.
Қызылорда облысының 2024-2029 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасына «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермеген жастардың үлесі (15-35 жас аралығындағы)» нысаналы индикаторы енгізілген.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 2025 жылғы 27 желтоқсандағы ақпараттық жүйедегі жастардың саны 2 722. Бүгінгі жағдай бойынша 1 316-ның мәліметі өзектендірілді (54,8%) деп көрсетілген.
Анықтама ретінде: Арал ауданы-120, Қазалы ауданы-69, Қармақшы-268, Жалағаш ауданы-56, Сырдария ауданы-41, Шиелі ауданы-162, Жаңақорған ауданы-137, Байқоңыр қаласы-540, Қызылорда қаласы-1 329.
Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша аймақ басшысының қолдауымен өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.
2024 жылы 100 жас отбасына пәтер кілттері табысталса, 2025 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге, «Отбасы Банк» АҚ 500 млн теңге қаржы қарастырылып, 2026 жылдың 11 қаңтарында 100 жасқа жаңа пәтер кілттері табысталды.
Өңірде 10 «Жастар ресурстық орталығы» (1-облыстық, 2-қалалық, 7-аудандық) жұмыс жасайды. Орталықтарда барлығы 158 маман қызмет етуде.
2025 жылы жастарды жан-жақты қолдау және әлеуметтендіру бағытында 2060 шара ұйымдастырылып, 55 мыңға жуық (54 300) жас қатыстырылды. Кеңес алған жастар саны – 21 мың.
Волонтерліктің 8 бағыты бойынша қызмет атқаруда. Бүгінде барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.
Волонтерлік ұйымдар мен топтар арасында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Ашық жүрек» волонтерлер лигасы, «Жалын» волонтерлер штабы, «Қармақшы Демеу» волонтерлер тобы, «Жаңарған Жаңақорған жастары» волонтерлер тобының белесенділігін ерекше атап өтуге болады.
Ақпарат ретінде: «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala». Облыста 1 мыңнан астам волонтер тіркелген және 30 волонтерлік топтар, «Ассамблея жастары» белсенді волонтерлері бар.
Өңірде жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына (08.08.2025 ж., №1015 бұйрығы) сәйкес облыс әкімдігінің «Әскери патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді (07.11.2025 ж., №213 қаулысы). Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында өңірде барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанынан «Жас сарбаз» қозғалысы жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген (9-11 сынып мектеп оқушылары).
2025 жылы «Жас Сарбаз» қозғалысымен білім беру ұйымдарында 70-тен аса патриоттық бағыттағы шаралар өткізіліп, 10 мыңға жуық жасөспірімдер қамтылды.
Оған қоса, әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу бағытында «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты түрде өткізілуде.
Білім беру ұйымдарында «Жас сарбаз» қозғалысының ұйымдастыруымен жастарды әскерге шақыруға ынталандыруға бағытталған «Әскерге шақырылушы», «Жас мерген», «Отан қорғаушы» сайыстары ұйымдастырылды.
Өткен жылы маусым айында Ақтөбе облысындағы «Хлебодаровка» оқу-жаттығу орталығында өткен Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің 800-ге жуық жас сарбаздарының қатысуымен өткен 11-ші халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында «Сыр айбындары» командасы 25 команданың ішінен алдыңғы қатардан көрінді (4-ші орын).
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және баспаларда патриоттық тәрбие беру бағытында 600-ден аса ақпараттық материалдар жарияланып, арнайы сұхбаттар мен брифингтер өткізіліді.
Одан бөлек, қала және аудан орталықтарында Отан қорғау ісі мен патриоттық тәрбие беру тақырыбындағы 55 сыртқы көрнекі құралдары, билбордтар орналастырылған.