Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыс туралы

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

 

Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы алғашқы бестіктің құрамында.

Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментіне тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны – 973 құрайды. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 279, қоғамдық бірлестіктер – 451, бірлестіктер филиалдары – 243.

Аймақта тіркелген 973 ҮЕҰ-ның 200-ден астамы, яғни 25,0% белсенді түрде жұмыс жасауда және аймақтың қоғамдық дамуына ат салысуда.

ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 250-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.

Үкіметтік емес ұйымдармен ұдайы түрде байланыста болу, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылдан бастап Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы жұмыс жасауда.

Облыс әкімімен 2025 жылға арналған 374 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Жыл көлемінде республика мен Сыр өңірінің дамуына өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың мерейтойларын, атаулы даталар мен мерекелік күндерді, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған жасампаз жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

2025 жылы облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдіктері арқылы 148 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 211 млн. теңге қаржы қаралды.

Оның ішінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар жиі қаржыландырылған.

Қазіргі таңда, ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда 50 қоғамдық ұйым белсенді жұмыс жасауда.

 

Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды. 2021 жылғы 3 қаңтардағы №406-VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің нормаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған (1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).

Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 150 адам бар.

Оның ішінде Қызылорда облысы – 32, Қызылорда қаласы – 19, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 13, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 14.

Сапалық құрамы: Қоғам белсенділері мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері – 27, ҮЕҰ өкілдері – 25, кәсіпкерлер – 21 адам, саяси партия филиалдарының мүшелері – 14, мемлекеттік қызметшілер – 14, бюджеттік мекеме қызметкерлері – 10, Мәслихат депутаттары – 7, мәдениет саласының өкілдері – 7, БАҚ өкілдері – 6, білім саласының өкілдері – 5, денсаулық сақтау саласының өкілдері – 5, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері – 4, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компания филиалдарының өкілдері – 3, дін саласының өкілдері – 2, басқа этнос өкілі – 1 адам.

 

Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы ақпарат

Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 85-мыңға жуық облыс тұрғындары  (дауыс беруге құқығы бар 495 500 сайлаушының 16,8 %) тіркелген.

  1. «Amanat» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 45875 адам. Төрағасы – Базартай Жандос Нұртайұлы.
  2. «Aқ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6250 адам. Төрағасы – Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы;
  3. «Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    6 000 адам. Төрағасы – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;
  4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 10 194 адам. Төрағасы – Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы;
  5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Қожақов Ерғазы Алпысбайұлы;
  6. «Respublica» партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    8 000 адам. Төрағасы – Сейтжанов Даурен Музарапұлы;
  7. «Baytaq» Жасылдар партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 9 000 адам мүше. Төрағасы - Ысматуллаев Руслан Серікұлы.

Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
12 января 2026