Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама

Облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,2% қазақ, 3,8% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 4 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 555 шара ұйымдастырылып, оған 38 мыңнан аса адам қамтылды.

2025 жылы қазан айында Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қараша айында Журналистер клубының жылдық жұмысын қорытындылайтын «Бізді біріктірген шаңырақ» медиа-фест – 2025 салтанатты түрде өтті.

 Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде – 567 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – 578 бейнематериал, 1153 жарияланым жарық көрді.

Дата публикации
12 января 2026