2025 жылдың қорытындысымен облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы (13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпарат таратушылар. Айта кету керек, соңғы жылдары интернет сайттардың саны артқандығы байқалады.
Облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған мемлекеттік тапсырыстарды өткізудің аймақтағы бірегей ұйымдастырушысы.
2025 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлініп, 94 келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, мемлекеттік бастамаларды және идеологияны («Мемлекет басшысының Жолдауы», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Жұмысшы мамандықтар жылы», «Жеңістің 80 жылдығы», «ҚХА-ның 30 жылдығы», «Конституцияның 30 жылдығы», «Келешек мектептері» және т.б.) іске асыру бойынша ақпараттық жұмыстар кеңінен жүргізілді.
Аймағымыз үшін ең негізгі айтулы мерейтойлық шаралардың бірі Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына және ұлтымыздың қазақ атауының қайтарылуына 100 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Ақпарат кеңістігінде 3000-ға жуық мақала, бейнесюжеттер, әлеуметтік желіде материалдар жарияланды.
Президент телерадиокешенінің дайындауымен арнайы деректі-фильм түсірілді. «QYZYLORDA» телеарнасы «ORDA: ҒАСЫР ТАРИХЫ» атты циклды деректі фильмдер топтамасын жарыққа шығарды. «Қызылорда 1925-2025: Архив», «Қызылорда 1925-2025: Архитектура» атты шағын ақпаратты-танымдық бейнероликтер (саны - 5) жасалды. Мұнда Ақмешіттің астана болғанына қатысты архивтегі құнды құжаттар, сол тұста салынған тарихи-мәдени ғимараттар туралы ақпараттар қамтылды.
Бұдан бөлек, «Сыр өңірінің 2025 жылғы жетістіктерін» БАҚ-та кең көлемде жариялау жұмыстары кең көлемде жүргізілді. 2025 жылдың желтоқсан айында Астана қаласы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз-конференциясы өткізілді.
Брифинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, республикалық және жергілікті БАҚ-та біршама ақпараттық материал жарық көрді.
Сондай-ақ, 2025 жыл аймақтың аға басылымдары саналатын «Кызылординские вести» және «Толқын» газеттерінің 95 жылдығы облыстық деңгейде атап өтілді.
Сонымен қатар, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында жыл басынан бері БАҚ өкілдерімен 319 брифинг, 26 баспасөз тур, 21 көшпелі брифинг ұйымдастырылды.