Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2025 жылғы ІІІ тоқсандағы жағдайы туралы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы 248 279 (2024 ж. – 246 457 жас) жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3% құрады.

Анықтама: о.і. қала жастары-113 052 адам (45,5%), ауыл жастары-135 227 адам (54,5%).

Жастарды дамыту мен қолдауға 2025 жылға жергілікті бюджеттен
2 105,0 млн.теңге (2024 ж. 1 938,9 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 36 жобаға (2024 жылы – 30 жоба) 312,7 млн. теңге
(2024 жылы – 251,7 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 592,3 млн. теңге бөлінді.

Анықтама: о.і. «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына 1 200,0 млн теңге қаржы қарастырылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақта жұмыссыздық деңгейі
3,4 %, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу байқалады (2023 ж. 3,5 %). NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету мақсатында бірқатар кешенді шаралар атқарылуда.

Сондай-ақ, аймақта жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу), білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған еңбек бригадаларының саны 30-дан асып, құрамына
800-ден аса жас тіркелді.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының бастамасымен Қызылорда облысында студенттік «Құрылыс отряды» құрылды. Бұл жоба аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан
20 студент жасақ құрамына қабылданды. Отрядтың жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырып, студенттердің тәжірибесін арттыру мақсатында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары мен «Ауыл» партиясының мүшелері тарапынан қолдаулар көрсетілді.

Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіреді. Оларда 170 маман қызмет жасайды.

Ағымдағы жылғы 5 маусымда, яғни «Халықаралық экология күні «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жаңа маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Әлеуметтік жоба арқылы маусым-тамыз айларында 16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 200 жас (Қызылорда қ.-280, Байқоңыр қ.-150, аудандарда- 770) маусымдық жұмыспен қамтылып, 100 мың теңге мөлшерінде (с.і. міндетті әлеуметтік аударымдар) еңбекақылары беріледі.

Облыс аумағында барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарымен тұрақты түрде «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы ұйымдастырылуда. Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған шара аясында жыл басынан бастап 300-ден аса мекемеден 4 000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 607 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 12 мың.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде NEET санатындағы жастар деректерін өзектендіру мен отбасыларды (адамдарды) дағдарыс және мүшкіл жағдайынан шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.

2025 жылғы 4 қазандағы ақпараттық жүйеде берілген мәлімет облыс бойынша жастар саны 4 693. Бүгінгі күнге 425-тің мәліметі өзектендірілді (9 %) деп көрсетілген.

Ақпараттық жүйеге сәйкес NEET санатында Қызылорда қаласы бойынша 2 216 жас тіркелген.

Бүгінгі күнде 108 жас ақпараттық жүйеде өзектендірілген (4,9%).

Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен тікелей жұмыс жасау барысында жыл басынан бері 2 078 жаспен адрестік жұмыстар жүргізілді.

Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша аймақ басшысының қолдауымен өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды. 2024 жылы 100 жас отбасына пәтер кілттері табысталды. 2025 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге қаржы қарастырылып, қараша-желтоқсан айларында 100 жас отбасыларға тұрғын-үй кілттерін табыстау жоспарлануда.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Барлық деңгейдегі орталықтар жанынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Бүгінгі күні 3 000 жас қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.

Әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жыл басынан бері барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 70-тен аса әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып, 3 000 жуық жас қамтылды. Оның ішінде «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы орта арнаулы білім беру ұйымдары мен колледждерде 50-ге жуық патриоттық бағыттағы шаралар өткізіліп, екі мыңға жуық жасөспірім қамтылды.

Сондай-ақ, патриоттық бағытта (әскерге шығарып салу, куәлік табыстау, ардагерлермен кездесу) 20-дан аса шаралар өткізіліп, 1 000-ға жуық жастар қамтылды.

2025 жылғы 22-28 маусым аралығында Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» ХІ Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына «Сыр айбындары» командасы жолдама алып, жалпы көрсеткіш бойынша 4 орынды иеленді.

Аймақта волонтер жастар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру, олардың бастамаларына қолдау көрсету бағытында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі» белсенді жұмыс жасауда және волонтерліктің 8 бағыты бойынша қызмет атқаруда.

Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.

Ақпарат ретінде:  «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala». Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, олармен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша да нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағытта, облыстық жастар ресурстық орталығының «Байқоңыр қалалық бөлімі» қызмет етеді.

Дата публикации
10 октября 2025