Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2025 жылғы IIІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы анықтама

Этностарды біріктіру және интеграциялау мәселелері бойынша

Ағымдағы жылғы 3 шілде күні Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылында «Сыр елі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты көш керуені ұйымдастырылды.

Көш керуенге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, медиаторлар кеңесі, этномәдени бірлестік жетекшілері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты.

8 шілде күні Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы                   Р. Каюповтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске этномәдени бірлестік жетекшілері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты.

9 шілде күні Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессиясы өтті.Сессияға этномәдени бірлестік жетекшілері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты. Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрахтарова, «DaRALAce» шығармашылық үйінің негізін қалаушы, «Шапағат» медалінің иегері Светлана Цой, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының мүшесі Айнұр Тұңғышбаева пікір білдірді.

Ассамблеяның 30 жылдығы аясында бірқатар азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік медалімен, ҚР Президенті Әкімшілігі Ассамблея хатшылығының Алғыс хатымен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

2 тамыз күні Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өңірдегі әлеуметтік, мәдени және рухани даму бағытында қолға алынған ірі жобалармен танысты. Іссапар барысында ең алдымен Қызылорда қаласында бой көтеріп жатқан жаңа Достық үйінің құрылыс барысын көріп, бұл нысанның этносаралық татулық пен қоғамдық келісімге қызмет ететін маңызды алаң болатынын атап өтті. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан бұл ғимарат – этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, жастардың бірлескен жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жаңа форматтағы кеңістік болмақ. Сонымен қатар, Марат Әзілханов жаңа ашылған облыстық музейге барып, өңір тарихы мен мәдениетінің терең қабаттарымен танысты.

7 тамыз күні Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, қоғам қайраткері Ахметова Рахима Қаржаубайқызының 70 жасқа толуына арналған салтанатты қабылдау өтті.

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда қаласында орыс қауымдастығының онкүндігі басталды. Достық үйінде өткен салтанатты шара аясында «Қазақстандағы орыс қауымдастығы: бірлік, келісім және мәдени мұраға 30 жыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

20 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстанның орыс қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы өткізетін онкүндік аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Достық үйінің алдында «Заттарға екінші өмір сыйла!» ұранымен «Дармарка» атты қайырымдылық іс-шара өтті. Аталған іс-шараға «Қазақстанның орыс қауымдастығы» РҚБ облыстық филиалының белсенділері, облыстық этномәдени этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, еріктілер қатысты. Әрбір тілек білдіруші «Дармаркаға» өзінің қажетсіз заттарын әкеле алады және (немесе) іс-шарада ұсынылған заттардан қажетті заттарды сыйға тарта алады.

 21 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінің хореография залында облыстық неміс этномәдени бірлестігі «Wiedergeburt»-тің ұйымдастыруымен «Гүлдер сыры» – «Blumenzauber» атты шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шеберлік сабағын «Daralace» шығармашылық үйінің дизайнерлері С.Цой мен И.Конецка жүргізді. Олар қатысушыларға органза матасынан (жеңіл әрі мөлдір мата) канзаши техникасымен гүлді әшекейлер жасаудың қыр-сырын үйретті. Қатысушылар тың техникамен танысып, қолөнерді тәжірибе жүзінде меңгерді. Нәтижесінде жасалған әдемі гүлдер шашқа тағатын әшекейге және киімге сән беруге лайықталып безендірілді. Әрбір қатысушы өз қолынан шыққан туындысын естелікке алды. Шара соңында неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі И.Шек барша қатысушыға ризашылығын білдіріп, қолөнер арқылы мәдениеттерді жақындастырып, шығармашылықты дамытуға үлес қосқанын атап өтті.

   26 қыркүйек күні Байқоңыр қаласында «Халық достығы» атты VIII ашық қалалық ұлттық-мәдениеттер фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстан мен Ресей халқы арасындағы достықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін ашу, әртүрлі этностардың көзқарастарына, нанымдарына, рухани және эстетикалық құндылықтарына төзімділікті қалыптастыру және этносаралық байланыстарды нығайту мақсатында өтті. Қызылорда облысынан 70-ке жуық қонақ келді. Фестивальге Қызылорда облысынан 4 этномәдени - татар, орыс, славян, шешен бірлестіктері және «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері қатысты. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз этностарының салт-дәстүрлері туралы тұсаукесер дайындап, ұлттық тағамдар байқауына, шеруге және спорттық сайыстарда жоғары белсенділік танытты. Мерекенің ресми бөлімінен кейін барлық командалар басты сахнада ұлттық бейнені, ұсынылған ұлттың бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін ашуға тырысқан театрландырылған қойылымдарды көрсетті. Қойылымдарда жарқын костюмдер, ұлттық музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар пайдаланылды, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен әспеттелді.

Мемлекеттік тілді насихаттау бағытында:

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына сәйкес «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында облыстық «Қазақша QUIZ» байқауы өтті. Шараның негізгі мақсаты – түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, оның қолдану аясын арттыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болды. Байқауға облыстағы этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері мен «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері қатысып, командалық түрде 3 кезең бойынша сайысқа түсті.

Қайырымдылық бағытында

ҚХА жанынан құрылған «Жомарт жан» орталығының мүшелері мен ассамблея жастары және этномәдени бірлестігінің жетекшілерінің қолдауымен 15 іс-шара өткізіліп, 300 –ден аса адамдар қатысып, 280 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

15 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Naman Ata спорттық кешенінде ұлттық ойындардан сайыс өтті. «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» тақырыбымен өткен жарысқа волонтерлар мен мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған бес команда қатысты.

22 тамыз күні -7 қыркүйек аралығында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Биылғы шара аясында облыс, Байқоңын қаласы және аудан бойынша 150 ден аса балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен көмек көрсетілді.

19 қыркүйекте Достық үйінде ҚХА 30 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ҒСТ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жастары және облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты орталықтар қызметкерлерінің қатысуымен ЭТНОQUIZ интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Журналистер клубы

2025 жылы маусым айында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен журналистер арасында «Two stars» атты өнер фестивалі ұйымдастырылды. Бұл жобада өңірге танымал журналистер жұптасып, бір сахнада өнер көрсетті. Байқаудың басты мақсаты – этносаралық татулықты насихаттау, шығармашылық ынтымақтастықты дамыту және мәдени байланыстарды нығайту болды.  Шараға 300-ден астам адам қатысты.

Дата публикации
10 октября 2025