БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің 2025 жылғы ІІІ тоқсанда атқарған жұмысы туралы

Облыстың медиа кеңістігінде 150 (13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.

Оның ішінде 120 баспа БАҚ, 27 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-еуі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпараттық таратушылар. Аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының тек 1-еуі орыс тілінде ақпарат жариялайды, 5-еуі мемлекеттік және орыс тілдерінде, 143-сі мемлекеттік тілде ақпарат таратады.

2025 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлініп, оған 95 келісім-шарт жасалды.

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің алаңында 2025 жылдың басынан бері 261 баспасөз іс-шарасы ұйымдастырылып, БАҚ өкілдерімен 20 баспасөз туры, 18 көшпелі брифинг өтті.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 8 интернет-конференция және 8 сауалнама ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 26 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.

Дата публикации
10 октября 2025