Этносаралық қарым-қатынастар және этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алу шаралары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қызылорда облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 189 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшылары, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері өз құзыреті шегінде:

1) Қызылорда қаласы мен аудандарда этносаралық келісімді сақтау және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

2) этносаралық араздық тудыру белгілерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде мониторинг жұмыстарын күшейтсін;

3) облыстағы этномәдени бірлестіктердің басшыларымен ақпараттық-профилактикалық жұмысты үйлестірсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.А. Баймановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қызылорда облысының

                 әкімі                                                                           Н. Нәлібаев

қаулы
Дата публикации
24 июля 2025