Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында облыс көлемінде Президент Жолдауын түсіндіруге арналған түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен спикерлер пулы жасақталды.
Сонымен бірге, «Ақпараттық талдау орталығы» бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық пікірді зерттеу арқылы облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар мен өзекті мәселелерді анықтайды.