Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

 

Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы алғашқы бестіктің құрамында.

Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментіне тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны – 973 құрайды. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 279, қоғамдық бірлестіктер – 451, бірлестіктер филиалдары – 243.

Аймақта тіркелген 973 ҮЕҰ-ның 300-ден астамы, яғни 30,0% белсенді түрде жұмыс жасауда және аймақтың қоғамдық дамуына ат салысуда.

ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 250-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.

Үкіметтік емес ұйымдармен ұдайы түрде байланыста болу, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылдан бастап Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы жұмыс жасауда.

Облыс әкімімен 2025 жылға арналған 374 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Жыл көлемінде республика мен Сыр өңірінің дамуына өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың мерейтойларын, атаулы даталар мен мерекелік күндерді, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге арналған жасампаз жұмыстар жүргізілуде.

 

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

2025 жылы облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдіктері арқылы 125 әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. 034 млн. теңге қаржы қаралды.

Оның ішінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар жиі қаржыландырылған.

Қазіргі таңда, ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда 50 қоғамдық ұйым белсенді жұмыс жасауда.

 

Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды. 2021 жылғы 3 қаңтардағы №406-VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің нормаларына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған (1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).

Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 151 адам бар.

Оның ішінде Қызылорда облысы – 32, Қызылорда қаласы – 20, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 13, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 14.

Сапалық құрамы: Қоғам белсенділері мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері – 27, ҮЕҰ өкілдері – 25, кәсіпкерлер – 21 адам, саяси партия филиалдарының мүшелері – 14, мемлекеттік қызметшілер – 14, бюджеттік мекеме қызметкерлері – 10, Мәслихат депутаттары – 7, мәдениет саласының өкілдері – 7, БАҚ өкілдері – 6, білім саласының өкілдері – 5, денсаулық сақтау саласының өкілдері – 5, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері – 4, квазимемлекеттік сектор, ұлттық компания филиалдарының өкілдері – 3, дін саласының өкілдері – 2, басқа этнос өкілі – 1 адам.

 

Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы ақпарат

Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 85-мыңға жуық облыс тұрғындары  (дауыс беруге құқығы бар 495 500 сайлаушының 16,8 %) тіркелген.

  1. «Amanat» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 45875 адам. Төрағасы – Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы.
  2. «Aқ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6250 адам. Төрағасы – Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы;
  3. «Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    6 000 адам. Төрағасы – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;
  4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 10 194 адам. Төрағасы – Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы;
  5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы;
  6. «Respublica» партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    8 000 адам. Төрағасы – Сейтжанов Даурен Музарапұлы;
  7. «Baytaq» Жасылдар партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 1 900 адам мүше. Төрағасы – Байманов Нұрлан Дастанұлы.

Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

№

Партияның атауы

Төрағасы

Туған жері мен жылы

Білімі және жұмыс өтілі

Мекен-жайы, байланыс құралдары

1.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

                       

Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы

 

1982 жылы 8 қаңтарда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген.

 

2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің қаржы және несие,
2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің заңтану мамандықтары бойынша,  2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат Ұлттық мектебін бітірген.

Жұмыс өтілі – 19 жыл.

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаев көшесі, 2

8 7242 40 08 90

8 7242 27 58 23

8 778 328 23 27

kyzylorda@amanatpartiasy.kz

2.

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

 

Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы

 

1969 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

 

1990-1995 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында «Экономика және менеджмент» және 2006-2008 жылдары Қазақстан-Ресей университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

2023 жылдың наурыз айынан бастап Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметін атқарады.

Қызылорда қаласы,

Бөкейхан көшесі,

құрылыс тұйығы, 39

8 700 130 87 14
8 771 327 84 00

3.

«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

 

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы

1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

 

1984 жылы Қызылорда политехникалық техникумын «Гидромелиоративтік механикаландыру» мамандығы бойынша, 1991 жылы Ресейдің Новосібір аграрлық университетін «ауылшаруашылығы инженері» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қызылорда гуманитралық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының құрылысшылар ассоциациясын басқарып келеді.   «Бақ-Береке» ЖШС директоры.

Қызылорда қаласы,

Қонаев көшесі, 10 а

8 700 500 34 84

4.

«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы

 

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы

1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

 

1975-1980 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында «Гидромелиорация» мамандығы бойынша;

1985-1990 жылдары Москва қаласында
А.Н. Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында білім алған.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы, 25 б

8 701 217 2911

8 700 570 0721

5.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

 

Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы

 

1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

 

 

 

 

Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Психология – Педагогика» факультетін;

Болашақ университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультетін бітірген.

Inbusiness.kz. порталының меншікті тілшісі, «Тіл мерейі» газетінің жауапты хатшысы.

Жұмыс өтілі – 26 жыл.

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі, 28

8 776 160 58 49

8 707 188 79 01

kyzylorda@osdp.kz

6.

«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Байманов Нұрлан Дастанұлы

 

1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

 

2007-2010 жж. Қызылорда қаласындағы КАЗГЮУ  колледжін бухгалтер –аудит мамандығы бойынша, 2010-2014 жж. Қызылорда Ақмешіт институтында бухгалтер –аудит мамандығы  бойынша бітірген.

2014 жылдан бері аймақта жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.

Қызылорда қаласы, Ақирек тұйығы, 6

8 775 517 44 14

7.

«Respublica» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Сейтжанов Даурен Музарапұлы

 

1984 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

 

2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген,      2016-2021 жылдары Almaty Management University Іскерлік Әкімшілендіру Магистрі.

Жұмыс өтілі – 20 жыл.

Қызылорда қаласы,

Д. Қонаев көшесі,  10А

8 747 540 26 55

8 707 549 00 84

kyzylorda.RE@respublica-online.kz

Дата публикации
15 июля 2025