2025 жылғы II тоқсанда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы түрлі форматта 124 іс-шара ұйымдастырып, оған 8734 адам қатысты.
Бүгінгі күні аймақта 11 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Этномәдени бірлестіктердің барлығына Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» арнайы жұмыс кабинеттері берілген болса, аудан (жеті аудан) орталықтарындағы «Руханият орталықтарында» «Қоғамдық келісім» бөлмелері жұмыс жасайды. Өңірдегі этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыс орнатылған.
Этностық топтар арасындағы ықтимал шиеленістердің алдын алу және ішкі ахуалды талдау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық көңіл-күйге мониторинг жүргізу мақсатында жеке сұхбаты негізінде халық арасында жаппай сауалнама жүргізілген. Іріктеу жиынтығы облыстың ересек тұрғындарының жынысы, жасы, этносы, қоныстану типі бойынша дайындалды.
Сауалнамаға барлығы 1 мың адам қатысып, оған 16 этнос өкілдері қатыстырылды. Сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының негізгі бөлігі, яғни 96,9%-ы аймақта соңғы жарты жылда түрлі этнос өкілдері арасында қарым-қатынас қалыпты және қолайлы деп жауап берген.
Аймақта этносаралық келісімді сақтау және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бір қатар жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ,
28 сәуір күні - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қызылорда облысында «Қазақстан – Достық мекені» атты облыстық форум ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қатысушылар үшін Қызылорда қаласына арнайы экскурсия жүргізілді. Алғашқы аялдама – «Анаға тағзым» орталығы болды, мұнда тағылымды дәрістер тыңдалып, қала тарихымен танысуға мүмкіндік берілді. Қаланың ел астанасы болғанына 100 жыл толуына орай, тарихи-мәдени экскурсия ұйымдастырылды. Жаңартылған Орталық алаңымен танысқан қонақтар, «Достық үйі» ғимаратында экскурсия жасап, этномәдени бірлестіктердің жұмыс кабинеттерімен танысты. Экскурсия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бейнеролик Лэд экраннан көрсетілді.
1 мамыр күні – «Достық үйі» алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сыр елі – татулық пен келісімнің мекені» атты мерекелік шара өткізілді. Алаңда қолөнер бұйымдарының, жас суретшілер туындыларының көрмесі ашылды. «Құстар фестивалі» де мерекенің сәнін келтіріп, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. Облыс әкімі Н.Нәлібаев аймақ тұрғындарын бейбітшіліктің, келісімнің мерейлі мейрамымен құттықтады. Мерекеде этномәдени бірлестіктер мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды. Концертте Сыр еліндегі барлық этнос өкілдері өнер көрсетті, көпшілікке ән-жырдан шашу шашты. Әсіресе, патриоттық әндер бірлік пен татулық ұғымын ұлықтап, мән-мағынасын айшықтай түсті.
Сол күні облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен бой көтеретін «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, мемлекет және қоғам қайраткері М.Бақтиярұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, зиялы қауым өкілдері мен сала басшылары қатысты. Облыс әкімі жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, өңірдегі жобалар мен жаңа орталықта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
2 мамыр күні - Қызылорда облыстық Татар этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай мерекелік 10 күндік шараларын салтанатты түрде бастады.
Мәселен, этностар арасындағы қатынасты нығайту мақсатында этномәдени бірлестіктерді қолдай отырып, мәдени шаралары тұрақты ұйымдастырылуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қызылорда облыстық «Татар», «Корей» этномәдени бірлестігінің және «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының 10 күндік шаралары ұйымдастырылды.
Анықтама үшін: Достық үйінде «Соллаль» – корей жаңа жылы өтті және Корей барабандарымен самульнори ойнаудан шеберлік сағаты, «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығының «Масленица» мерекесі, «Рождестволық көрме» және т.б. мәдени көпшілік іс-шаралар өткен.
Жыл аяғына дейін аймақтағы барлық этномәдени бірлестіктердің
10 күндіктері өткізілетін болады.
Қала және аудан әкімдері облыстық ассамблеясының өкілдерімен жарты жылда кемінде бір рет кездесудің жұмыс кестесі әзірленіп, жүзеге асып келеді. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен олардың белсенділерінің маңызды бастамаларын, жобаларын қолдау жалғасуда.
Сондай-ақ, а.ж. 8 шілде күні Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессиясы өтті.
Жыл басынан бері тұрғындар арасында татулық пен келісімді насихаттау және жоғарыда көрсетілген әлеуметтік, мәдени, көпшілік іс-шараларды ақпараттандыру бағытында әлеуметтік желілерде 2 мыңнан астам жарияланым, БАҚ пен интернет ресурстарда 500-ге жуық материал жарияланды.