Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 248 279 (2024 ж. – 246 457 жас) адамды құрайды. Облыс халқының 29,3% құрады.
Анықтама: о.і. қала жастары-113 052 адам (45,5%), ауыл жастары-135 227 адам (54,5%).
Жастарды дамыту мен қолдауға 2025 жылға жергілікті бюджеттен 2 105,0 млн.теңге (2024 ж. 1 938,9 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 36 жобаға (2024 жылы – 30 жоба) 312,7 млн. теңге (2024 жылы – 251,7 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 592,3 млн. теңге бөлінген. Қалған 1,200 млн. теңге аймақ жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына бағытталған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4 % құрайды. NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету мақсатында бірқатар кешенді шаралар атқарылуда.
Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіреді. Оларда 170 маман қызмет жасайды.
Ағымдағы жылғы 5 маусымда, яғни «Халықаралық экология күні «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жаңа маусымының ашылу салтанаты өткізілді. Әлеуметтік жоба арқылы маусым-тамыз айларында 16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 200 жас (Қызылорда қ.-280, Байқоңыр қ.-150, аудандарда- 770) маусымдық жұмыспен қамтылып, 100 мың теңге мөлшерінде (с.і. міндетті әлеуметтік аударымдар) еңбекақылары беріледі.
Облыс аумағында барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарымен ай сайын «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы ұйымдастырылуда. Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған шара аясында жыл басынан бастап 326 мекемеден 4 211 бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 526 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 12 258.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде NEET санатындағы жастар деректерін өзектендіру мен отбасыларды (адамдарды) дағдарыс және мүшкіл жағдайынан шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.
2025 жылғы 29 мамырдағы ақпараттық жүйеде берілген мәлімет облыс бойынша жастар саны 4 663. Бүгінгі күнге 455-тің мәліметі өзектендірілді (9,75%) деп көрсетілген.
Ақпараттық жүйеге сәйкес NEET санатында Қызылорда қаласы бойынша 2 143 жас тіркелген. Бүгінгі күнде 181 жас ақпараттық жүйеде өзектендірілген (8,45%).
Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен тікелей жұмыс жасау барысында жыл басынан бері 2 078 жаспен адрестік жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде: жергілікті «Мансап» орталықтарына 148 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе, 210 жас уақытша жұмысқа орналасқан, 68 жасқа МӘМС төленген.18 жастың зейнетақы қорларына жарналары аударымдар жасалған, 9 жас әскери борышын өтеуге жіберілген, 2 жас өз кәсібін ашқан. Қалған 378 жасқа ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша аймақ басшысының қолдауымен өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.
2024 жылдың мамыр айында 60, желтоқсан айында 40, барлығы 100 жас отбасына пәтер кілттері табысталды. 2025 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге қаржы қарастырылды.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Барлық деңгейдегі Орталықтар жанынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Бүгінгі күні
3 000 жас қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.
Әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жыл басынан бері барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 60-тан аса әртүрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып, 1 200 жас қамтылды. Оның ішінде «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы орта арнаулы білім беру ұйымдары мен колледждерде 40-қа жуық патриоттық бағыттағы шаралар өткізіліп, мыңға жуық жасөспірім қамтылды.
Сондай-ақ, патриоттық бағытта (әскерге шығарып салу, куәлік табыстау, ардагерлермен кездесу) 20-дан аса шаралар өткізіліп, 1 000-ға жуық жастар қамтылды.
2025 жылғы 22-28 маусым аралығында Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» ХІ Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына «Сыр айбындары» командасы жолдама алып, жалпы көрсеткіш бойынша
4 орынды иеленді.
Аймақта волонтер жастар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру, олардың бастамаларына қолдау көрсету бағытында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі» белсенді жұмыс жасауда және волонтерліктің 8 бағыты бойынша қызмет атқаруда. Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.
Ақпарат ретінде: «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala».
Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, олармен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша да нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағытта, Облыстық жастар ресурстық орталығының «Байқоңыр қалалық бөлімі» қызмет етеді.
Анықтама ретінде: Байқоңыр қаласы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 13 034 (ерлер – 6905, әйелдер - 6129), халықтың 32,9 %-ы.