Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының халықпен жұмыс туралы 2025 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі

2025 жылдың ІІ тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 97 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.

Басқарма басшысының 2025 жылғы 1 сәірдегі №02-04/90 бұйрығымен басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.

Есепті кезеңде басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке қабылдауында 7 азамат болды. Қабылдау барысында көше атауын беру, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу, тұрғын үй мәселесі және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
15 июля 2025