2025 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 50-тан астам кеңесші маман қатысты.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Шара барысында мамандар 150 -ге жуық  азаматқа кеңес берді. Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан құрылған арнайы мобильді топ Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарына тегін құқықтық кеңес көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту болып табылады.

Мобильді топ құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, және өзге де салалардың мамандары тартылды. Олар тұрғындардың түрлі саладағы сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер жүргізді.

Тұрғындардың негізге мәселелері жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезектілігіне тұру, газдандыру, абаттандыру, мемлекеттен жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттар алу, сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты болды.

Кездесу барысында 150-ден астам аудан тұрғындары мамандардың қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелері бойынша тиісті кеңестер мен жауаптарын алды.

Қабылдау барысында азаматтардың жүгінген мәселелері Департаменттің  бақылауына алынды.

 

Дата публикации
15 июля 2025