БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің 2025 жылғы І тоқсанда атқарған жұмысы туралы

Облыстың медиа кеңістігінде 150 (13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.

Оның ішінде 120 баспа БАҚ, 27 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-еуі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпараттық таратушылар. Аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының тек 1-еуі орыс тілінде ақпарат жариялайды, 5-еуі мемлекеттік және орыс тілдерінде, 143-сі мемлекеттік тілде ақпарат таратады.

2025 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлінді.

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында 2025 жылдың  басынан бері 83 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 
5 баспасөз туры және 5 көшпелі брифинг ұйымдастырылды.

Интернет сайттармен жұмыстар

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 3 интернет-конференция және 3 сауалнама ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 7 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.

Дата публикации
30 апреля 2025