Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2025 жылғы І тоқсандағы жағдайы туралы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3% құрайды.

Анықтама: о.і. қала жастары-111 556 адам (45,5%), ауыл жастары-133 309 адам (54,5%).

Жастарды дамыту мен қолдауға 2025 жылға жергілікті бюджеттен
2 105,0 млн.теңге (2024 ж. 1 938,9 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 36 жобаға (2024 жылы – 30 жоба) 312,7 млн. теңге (2024 жылы – 251,7 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 592,3 млн. теңге бөлінді.

Анықтама: о.і. «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына 1 200,0 млн теңге қаржы қарастырылды.

2024 жылдың IV тоқсанының қорытындысымен NEET санатындағы жастардың үлесі 7,2%-ды (16 481) құрады (2023 ж. – 7,5%). Өңірлер арасында 6-шы сатыда.

Осы мақсатта аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.

Атап айтқанда, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырып келеді. Бүгінде Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында құрылған еңбек бригадаларының саны 18-ге жетіп, құрамына 725 жас тіркелді.

Сондай-ақ, «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы тоқсан сайын ұйымдастырылып келеді. Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған шара аясында 83 мекемеден 952 бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 121 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 2064.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде NEET санатындағы жастар деректерін өзектендіру мен отбасыларды (адамдарды) дағдарыс және мүшкіл жағдайынан шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.

Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіреді. Оларда 170 маман қызмет жасайды.

 

2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерлікте 68 336 субъекті тіркелген болса, оның 42,6%
(29 130 жас) пайызы жас кәсіпкерлер құрайды.

Бүгінде жастардың кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үлесі жылдан-жылға артып келеді.

2024 жылы облыс көлемінде жеке кәсіпкерліктің 4 312 жобасына 78,6 млрд. теңге сомасында қолдау көрсетілді. Оның ішінде 637 жоба 12,7 млрд. теңгеге жас кәсіпкерлердің үлесінде. Атап айтқанда:

2024 жылы жалпы несие портфелі 38,5 млрд. теңгені құрайтын 1 247 жоба субсидияланды. Оның ішінде, жалпы несие портфелі 5,7 млрд. теңгені құрайтын 256 жоба жас кәсіпкерлердің үлесінде.

Сондай-ақ, жалпы құны 18,1 млрд. теңгені құрайтын 648 жоба бойынша кепілдік шарты жасалынған болса, оның ішінде 3,4 млрд. теңгеге 184 жоба жас кәсіпкерлердің үлесінде.

Ал, микрокредиттер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы жыл басынан бері 129 жобасы
1 468,9 млн. теңгемен қаржыландырылды. Оның ішінде 28,2 пайызы жас кәсіпкерлерге тиесілі. Яғни, жыл басынан бері жас кәсіпкерлердің

36 жобасы 294,4 млн. теңгемен қаржыландырылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы кәсіпкерлердің
563 жобасына 16,6 млрд. теңге несие берілді. Оның ішінде 18 пайызы жас кәсіпкерлерге тиесілі. Яғни, жыл басынан бері жас кәсіпкерлердің
102 жобасы 2,9 млрд. теңгемен қаржыландырылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 150 жоба 1,0 млрд. теңгеге қаржыланыдырылса, сомасы 339,5 млн. теңгені құрайтын 59 жоба жас кәсіпкерлердің үлесінде.

 

Дата публикации
14 апреля 2025