Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесін қоғамдық талдау отырысының
ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ХАТТАМАСЫ
Қызылорда қаласы 2025 жылғы «__» наурыз сағ: __.__
Төрағалық еткен: Басқарма басшысы Р. Каюпов.
Қатысқандар: Басқарманың барлық қызметкерлері және облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі С.Сиюов.
Күн тәртібінде: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесін қоғамдық талдау
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары, топ жетекшісі У. Ибраевтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесін қоғамдық талдау мәселесіне қатысты баяндамасы қаперге алынсын.
Осы орайда, стратегиялық бағдаламаларды үйлестіру бөлімінің әдіскері Т. Есіловтің Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауда басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүргізілгенін атап өтті.
Басқарманың негізгі қызметі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, аймақтағы этносаралық бірлікті сақтау, мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, мемлекеттік тіл және жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі С. Сиюов басқарманың 2024 жылғымен қоса, 2025 наурыз айына дейін атқарылған жұмыстармен, анықталған тәуекелдерге сәйкес нормативтік-құқықтық актілердегі бағыттар бойынша құжаттармен танысты.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудағы құқықтық қайшылықтарды жою туралы өзгерістер енгізу мәселесіне бастамашылық жасау қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған тәуекелге сәйкес тиісті жұмыстар жасалу қажет екендігін білдірді.
Осыған орай, жария талқылау қорытындысымен талдамалық анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.
Жария тыңдауға қатысқандар тақырып бойынша бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Басқарма басшысы Р.Каюпов қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды қорытындылады.
Басқарма басшысы Р. Каюпов
Облыстық қоғамдық
кеңесінің мүшесі С. Сиюов
Хатшы Т. Есілов