Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Бекітемін

Қызылорда облысының  

қоғамдық даму басқармасының басшысы

___________Р.Каюпов

«__» __________2025 ж.

 

 

 

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

р/с

Ұсынымдар

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Қазақстан Республикасының               «Масс-медиа туралы» Заңының                                   8-бабы   2-тармағының                        3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде               № 35356 болып тіркелген) көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

 

 

 Қаулы жобасын әкімдіктің қарауына ұсыну

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімі

2025 жылдың сәуір айына дейін

2

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының                       2024 жылғы 6 қарашадағы № 525 бұйрығымен бекітілген

«Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2-тармағына сәйкес көрсетілген қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

Бағаларды қалыптастыру тәртібінің  болмауы себебінен, Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңында негізгі ұғымдарда бұқаралық ақпарат құралдары республикалық немесе өңірлік болып ажыратылмаған.

Базалық бағаларды қалыптастыру тәртібін айқындау бойынша Қазақстан Республикасы

  Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне ұсыныстар жолдау.

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімі

2025 жылдың мамыр айына дейін

 

Дата публикации
08 апреля 2025