Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы

Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды.

Аталған заңға 2021 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 қаңтардағы № 406-VI ҚРЗ Заңы қабылданды.

Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған (1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).

Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 143 адам бар.

Оның ішінде Қызылорда облысы – 28, Қызылорда қаласы – 19, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 11, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 13.

Сапалық құрамы: Кәсіпкерлер – 26 адам; ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділері – 23; Зейнет жасындағы қоғам белсенділері, Ардагерлер кеңесінің төрағалары – 23; Мемлекеттік қызметшілер – 16; Мәслихат депутаттары, хатшысы – 13; БАҚ өкілдері – 11; Саяси партиялар – 7; Бюджеттік сала өкілдері – 9; Дін саласының өкілдері – 3; Кәсіподақ өкілдері – 5; Мәдениет саласының өкілдері – 2; Квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар – 2; Коммуналдық сала – 1; Этнос өкілдері – 2 адам.

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы 100% азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылды.

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы – Хожбанов Әріп Битілеуұлы.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

 

№

Партияның атауы

Төрағасы

Фотосуреті

Қысқаша ақпарат

Облыстағы мүшелер саны

Мекен-жайы, байланыс құралдары

1.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы

 

1982 жылы 8 қаңтарда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің қаржы және несие,
2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің заңтану мамандықтары бойынша бітірген.

 

45 875

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаев көшесі №2

8 7242 40 08 90

8 7242 27 58 23

kyzylorda@amanatpartiasy.kz

2.

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы

 

 

 

 

1969 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

VII, VIII шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

6250

Қызылорда қаласы,

Бөкейхан көшесі

құрылыс тұйығы № 39

8 777 705 01 01

 

3.

«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы

 

1965 жылы

15 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қалалық мәслихат депутаты, «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры

 

 

6000

Қызылорда қаласы,

Д. Қонаев көшесі № 10А,

8 7242 23 02 10

 

4.

«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы

 

1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері,

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі қамқоршылық кеңесінің мүшесі

10 194

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы №25 б

8 701 217 2911

8 700 570 0721

 

5.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы

 

1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

Inbusiness.kz. порталының меншікті тілшісі, «Тіл мерейі» газетінің жауапты хатшысы

6000

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі №28 А,

8 776 160 58 49

kyzylorda@osdp.kz

6.

«Respublica» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Сейтжанов Даурен Музарапұлы

 

1984 жылғы

6 шілдеде дүниеге келген..

Еңбек жолын банк саласында бастаған. Қызылорда қаласындағы «Банк ВТБ» АҚ филиалының менеджері, сату бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

8000

Қызылорда қаласы,

Д. Қонаев көшесі № 10А,

87475402655
kyzylorda.RE@
respublica-online.kz

7.

«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Байманов Нұрлан Дастанұлы

 

1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2014 жылдан бері аймақта жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.

1900

Қызылорда қаласы,

Ақирек тұйығы № 6,

8 775 517 44 14

 

 

Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы

АҚПАРАТ

Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 85-мыңға жуық облыс тұрғындары  (дауыс беруге құқығы бар 495 500 сайлаушының 16,8 %) тіркелген.

  1. «Amanat» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 45 875 адам. Төрағасы – Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы.
  2. «Aқ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6250 адам. Төрағасы – Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы;
  3. «Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    6 000 адам. Төрағасы – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;
  4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 10 194 адам. Төрағасы – Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы;
  5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы;
  6. «Respublica» партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    8 000 адам. Төрағасы – Сейтжанов Даурен Музарапұлы;
  7. «Baytaq» Жасылдар партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 1 900 адам мүше. Төрағасы – Байманов Нұрлан Дастанұлы.

Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

 

Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы алғашқы бестіктің құрамында.

Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментіне тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны – 1 302 құрайды. Оның ішінде қоғамдық қорлар – 282, қоғамдық бірлестіктер – 455, бірлестіктер филиалдары – 393, заңды тұлғалар ассоциациясы – 30, діни бірлестіктер – 12, әр түрлі салалық бағыттағы палаталар, кооперативтер, алқалар – 130.

Аймақта тіркелген 1302 ҮЕҰ-ның 300-ден астамы, яғни 23,0% белсенді түрде жұмыс жасауда және аймақтың қоғамдық дамуына ат салысуда.

ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.

Үкіметтік емес ұйымдармен ұдайы түрде байланыста болу, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылдан бастап Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығы жұмыс жасауда.

«Естуші мемлекет» қағидатын жүзеге асыру мақсатында ресурстық орталық базасында жыл басынан бері облыстық басқарма басшылары, адам құқықтарын қорғау, бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер және облыс әкімінің әдеп жөніндегі уәкілінің үкіметтік емес ұйым өкілдерімен барлығы 25 рет кездесулері өткізілді.

2024 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ағымдағы жыл еліміз үшін ерекше маңызды, ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі жалғасатынын атап өтті.

Облыс әкімімен 2024 жылға арналған 335 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Жыл көлемінде республика мен Сыр өңірінің дамуына өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың мерейтойларын, атаулы даталар мен мерекелік күндерді атап өтуге арналған жасампаз жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады.

 

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

Ағымдағы жылы облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдіктері арқылы 148 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

2024 жылға облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы
148 жобаға 1 млрд. 633 млн. теңге қаржы қаралды.

Оның ішінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар жиі қаржыландырылған.

Қазіргі таңда, ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда
40 қоғамдық ұйым белсенді жұмыс жасауда.

 

 

Дата публикации
09 января 2025