МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ
Қызылорда облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 (2023 ж. І тоқсан) жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3%-ын құрады.
Анықтама ретінде: оның ішінде 111 556 (45,5%) – қала жастары, 133 309 (54,5%) - ауыл жастары.
2024 жылдың ІІI тоқсанының қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,4%-ды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу байқалады (2023 ж. 3,5%).
Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.
2024 жылдың ІIІ тоқсанының қорытындысымен бұл санаттағы жастардың үлесі 7,4%-ды (17 207) құрады (2023 ж. – 7,8%). Өңірлер арасында 6-шы сатыда.
Ағымдағы жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Қызылорда облысы бойынша NEET санатындағы 11 297 жастың тізімі ұсынылған болатын.
Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.
Жастарды дамыту мен қолдауға 2024 жылға жергілікті бюджеттен 1 938,9 млн.теңге (2023 ж. 1 846,0 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 30 жобаға (2023 жылы – 32 жоба) 251,7 млн. теңге
(2022 жылы – 225,6 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 487,1 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде, аймақ басшысының қолдауымен өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн.теңге бөлінді.
Облыстағы «Жастар ресурстық орталықтарының» (бұдан әрі - Орталық) саны – 10 (1-облыстық, 2-қалалық, 7-аудандық). Орталықтарда барлығы 146 маман жастарға қызмет көрсетуде.
Есепті кезеңде барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары арқылы түрлі бағытта 1 952 шара атқарылып, оған 122 194 жас қамтылды. Жалпы кеңес алғандар саны - 24 256 жас.
Аймақта жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу), білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырып келеді. Бүгінде Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында құрылған еңбек бригадаларының саны
18-ге жетіп, құрамына 725 жас тіркелді. Ал, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы арқылы жыл сайын 1 871 жас маусымдық жұмыспен қамтылуда.
Сондай-ақ, «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы тоқсан сайын ұйымдастырылып келеді. Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған шара аясында 326 мекемеден 4 211 бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 526 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 12 258.
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Барлық деңгейдегі Орталықтар жанынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Бүгінгі күні
12 485 жас қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.
Аймақта волонтер жастар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру, олардың бастамаларына қолдау көрсету бағытында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі» белсенді жұмыс жасауда. Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.
Фронт-офистерге ресми түрде 35-тен астам волонтерлік топтар мен 2 мыңға жуық (1 925) волонтер ресми тіркелген.
Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, олармен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша да нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағытта, Облыстық жастар ресурстық орталығының «Байқоңыр қалалық бөлімі» қызмет етеді.
Анықтама ретінде: Байқоңыр қаласы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 13 034 (ерлер – 6905, әйелдер - 6129), халықтың 32,9 %-ы.
Сондай-ақ, «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» бекітіліп, ««Байқоңыр қаласының жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы қарастырылды.
Жастарды қолдауға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасын табатын болады.