Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама

2024 жылы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі форматтағы 370 шара ұйымдастырып, оған 18 мыңнан астам адам қамтылды. «Жасампаздық пен өрлеу жолындағы бірлік» тақырыбындағы ХХVI сессияда азаматтық қоғамның дамуына түрткі болатын бастамалар көтерілді. Бүгінде бұл жұмыстар тиімділігін көрсетті. Атап айтсақ, отбасындағы әке рөлін арттыру, ұрпақ тәрбиелеу мен ел бірлігін сақтау талқыланған Ақсақалдар кеңесінің бірнеше отырысы ұйымдастырылды. Этномедиация бағытын дамытуға арналған жобалар жүзеге асырылып, кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлармен кездесулер өтті. ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай, Сыр өңірі Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы жұмысына оң баға беріліп, «Ұлағатты қоғам» номинациясы табысталды.

Ғылыми-сарапшылық топ аймақтағы этносаралық ахуалды ғылыми тұрғыда талдап, мемлекеттік этносаясаттың жүйелі жүргізілуіне септігін тигізуде. Қазан айында өткен отырыста жас ғалымдар арасында жоба байқауларын ұйымдастыру, жас ғалымдар клубын құру жоспарланды. Клуб құрамына педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік бағытта білім алып жүрген жас ғалымдарды қосу, өңірдегі 30-дан астам этнос өкілдерінің тарихын зерттеп-зерделеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Сыр өңіріндегі көп этностың тарихы»жинағын шығару жоспарға енгізілді.

Жастарды қоғамдық келісім негізінде топтастырған «Ассамблея жастары» өңірлік ұйымы түрлі шаралар мен акциялар ұйымдастырып келеді. Маусым айында туған өлкенің тарихи-мәдени мұралары мен құндылықтарын тануға бағытталған «Өз еліңді таны!» экспедициясы өтіп, оған 20-дан астам адам қатысты.  

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының мүшелері республикада жетістіктерге жетті. Міне, осының өзінен-ақ ауқымды істің жүзеге асқаны байқалады.

«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында 32 шараұйымдастырылып,оған 3000-ға жуықадам қамтылды. Этнос өкілдері тұратын аудандар мен ауылдарда «Көш керуен» акциясы өтті.

Этномәдени бірлестіктердің атаулы мерекелері аясында салтанатты шаралар ұйымдастырылуда. Кореяның халық батыры Хон Бом Доның мемориалдық кешені қайта жаңғыртылды.Облыстық корей этномәдени орталығы «Сольналь» мерекесін, Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға депортацияланғанына 80 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.«Славяне» орталығының «Масленица» мерекесі, «Достықта жоқ шекара» фестивалі,корей мәдениетінің фестивалі, бірлестіктің 35 жылдығы, татар этномәдени бірлестігінің «Сабантойы», неміс этномәдени бірлестігінің мерекелік шарасы аталып өтті.

Өңірлік ҚХА мүшелері су апатынан зардап шеккен аймақтарға «Күшіміз – бірлікте» және «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциялары аясында
3 тоннагуманитарлық көмек жіберіп, айрықша үлес қосты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының
ХХХІІI сессиясында берген тапсырмаларына сәйкес облыстық ассамблея үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, «Достық үйінде» тілдерді оқыту кабинетінде мемлекеттік тіл үйрену курсы әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндеріне қойылған. Жыл басынан бері 70-ке жуық білім алушы мемлекеттік тіл бойынша танымын кеңейтті. «Мәміле» қазақ тілі клубы сөйлеу шеберлігін арттыруға жәрдемдесіп келеді. Сонымен қатар, этнос өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуді көздейтін «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылуда. Аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында коммуникативті тренингтер, ұлттық ойындар жарысы, мемлекеттік тілді білу викториналары ұйымдастырылып, мемлекеттік тілде диктант жазу шаралары ұйымдастырылды.

Облыстық ҚХА Этномедиация кеңесінің қатысуымен жыл басынан 80-ге жуық түрлі форматтағы іс- шаралар (кездесу, жиын, ашық есік күні, ақпараттық түсіндіру) ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам адам қатысты. Жыл басынан этносаралық даурларға байланысты өтініштер тіркелген жоқ.  Жыл көлемінде этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде кәсіби және қоғамдық медиаторларының этномедиация тәсілінің оңтайлы тұстарын халық арасында насихаттау мақсатында тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. 4-5 желтоқсан 2024 жыл Қызылорда қаласы, Достық үйінде «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, білім беру мекемелерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

 Қала және аудан әкімдері облыстық ассамблеясының өкілдерімен жарты жылда кемінде бір рет кездесудің жұмыс кестесі әзірленіп, жүзеге асып келеді. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары мен олардың белсенділерінің маңызды бастамаларын, жобаларын қолдау жалғасуда.

Сонымен қатар, «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге», «Сыр өңірі – бейбітшілікпен келісім мекені», «Жас көшбасшылар мектебі», «Бірлігіміз әралуандықта» жобалары жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Салауатты сана» жобасы аясында жауапты басқармаларға тәрбие, жасөспірімдерді есірткі мен психотроптық заттардан, қоғамда белең алған бес кеселден қорғауды үйлестіру жұмыстары үйлестірілуде. Мұнан бөлек, мәдени-көпшілік, ғылыми-танымдық конференциялар, жастарға арналған оқыту семинарлары, қайырымдылық акциялары, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған сайыстар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Дата публикации
09 января 2025