«БАҚ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРМЕН ЖҰМЫС» БӨЛІМІНІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Қызылорда облысының медиа кеңістігінде 149 бұқаралық ақпарат құралдары(13 мемлекеттік, 136 тәуелсіз) жұмыс жасауда.

Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 26 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 3 телеарна.

Олардың 137-сі облыстық, 2-уі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпараттық таратушылар.

Аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының 1-еуі орыс тілінде ақпарат жариялайды, 5-уі мемлекеттік және орыс тілдерінде, 143-і мемлекеттік тілде ақпарат таратады.

2024 жылға мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегінде
925 734,0 мың теңге бөлінді және облыстық мәслихат сессиясымен қосымша 230 000,0 мың теңге бөлінді.

Барлық қаржы көлемі: 1 155734,0 мың тг.

Ақпарат ретінде: Жыл басынан бері мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында республикалық телеарналарға 176 сюжет, республикалық баспа БАҚ беттеріне 60 мақала, республикалық интернет ресурстарға 350 материал жарық көрді. Сонымен қатар, жергілікті телеарна эфирінен 10 000-ға жуық сюжет, жергілікті баспа БАҚ беттерінде 5000-нан аса мақала, жергілікті интернет ресурстарда
10 400 – ден материал жарияланды.

Облыс әкімдігінің «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің алаңында 2024 жылдың басынан бері 339 брифинг өткізіліп,
БАҚ өкілдерімен 24 пресс тур, 28 көшпелі брифинг өтті.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады.

Жыл басынан бері 12 интернет-конференция және 10 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 37 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.

Дата публикации
09 января 2025