Облыстың медиа кеңістігінде 149 (13 мемлекеттік, 136 тәуелсіз) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда.
Оның ішінде 120 баспа БАҚ, 26 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 3 телеарна. Олардың 137-і облыстық, 2-еуі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпараттық таратушылар. Аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарының тек 1-еуі орыс тілінде ақпарат жариялайды, 5-еуі мемлекеттік және орыс тілдерінде, 143-сі мемлекеттік тілде ақпарат таратады.
2024 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне лимит шегінде 925 734,0 мың теңге және облыстық мәслихат сессиясымен қосымша 230 000,0 мың теңге бөлінді.
«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында 2024 жылдың басынан бері 289 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 20 баспасөз туры және 21 көшпелі брифинг ұйымдастырылды.
ИНТЕРНЕТ САЙТТАРМЕН ЖҰМЫСТАР
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. Жыл басынан бері 9 интернет-конференция және 5 сауалнама жоспарланып, ұйымдастырылды. Интернет-конференцияда 26 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.