Есепті кезеңде тіл орталығы арқылы, барлығы 550 адам, оның ішінде мемлекеттік тіл – 205, орыс тілі – 169, ағылшын – 176 адам оқыту курстарынан өтті.
2024 жылғы 23 шілдеде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы бойынша Экономикалы тергеп-тексеру департементінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тілдік ахуалға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою жөнінен ұсыныстар берілді.
10 тамыз – Абай күніне орай өткізілген «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты облыстық байқау жеңімпаздары Абай аллеясында салтанатты түрде марапатталды.
Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика саласы бойынша бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті кент, ауылдық округ әкімдері мен сала мамандарына түсіндіру мақсатында
5-14 тамыз аралығында тіл саясаты және ономастика мәселелері бойынша Қызылорда қаласы мен аудандарда көшпелі семинарлар өткізіліп, бірқатар кент, ауылдық округтерде зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен, анықталған кемшіліктерді жою жөнінен қала, аудан әкімдеріне ұсыныс хаттар жолданды.
23 тамыз күні Тілдерді оқыту орталығының Арал ауданы бойынша оқытушыларының ұйымдастыруымен аудандық «Полиглот» интеллектуалды сайысы өткізілді.
3 қыркүйек күні саналы ғұмырын білім мен ғылым жолына арнаған ғалым тұлғалардың еңбек жолындағы тағылымы мен ғылыми мұралары мен зерттеулерін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында «Ғылымдағы ғұмырлар» тақырыбында республикалық дәріс сағаты өтті.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын облыстың және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысхаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсетіп отырған және мемлекеттік тілді насихаттаудағы жетістіктері үшін түрлі сала өкілдері арнайы номинациялармен марапатталды.
6 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы «Нұр Орда» бөбекжай-бақшасында «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында бөбекжай-бақша ұжымына «Даналық әліппесі» электронды оқу-әдістемелік жиынтығы, түрлі ертегілер, «Шаңырақ» лингвистикалық үстел ойыны жиынтығы т.б. көптеген кітаптар тарту етілді.
13 қыркүйек күні Семей қаласында өткен А. Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2024» республикалық байқауына Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Ж. Таңжанов қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болды.
26 қыркүйек күні Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының
15 жылдығына орай «Тілдегі өзгерістер: тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті.
Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Астана қаласындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ғалымдары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарынан Тіл орталықтарының басшылары мен өкілдері, аймағымыздың зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, Қызылорда қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ұстаз-ғалымдары, оқытушы құрамдары, қаламыздағы аралас мектептердегі «Қазақ тілі» пән бірлестіктерінің жетекшілері мен мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Көрнекі» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласындағы 572 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 13 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыным хаттар беріліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.
20 қыркүйек күні облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесі отырысында кәсіпкерлерге «Тіл туралы» Заңның 21-бабының талаптары түсінідірілді.
Тіл орталығының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы сөздердің дұрыс жазылуы, ұлттық дәстүрлер және ұлттық сөз саптау үлгілері бойынша «Сөзтүзер», «Ұлылар ұлағаты», «Трендтегі сленгтер», «Ас мәзіріңіз қазақша ма?» ақпараттық айдарлары тұрақты жүргізіліп келеді.