Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2024 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды.

Аталған заңға 2021 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 қаңтардағы № 406-VI ҚРЗ Заңы қабылданды.

Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.

Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған
(1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).

Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 144 адам бар.

Оның ішінде Қызылорда облысы – 29, Қызылорда қаласы – 19, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 11, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 13.

Сапалық құрамы: Кәсіпкерлер – 26 адам; ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділері – 24; Зейнет жасындағы қоғам белсенділері, Ардагерлер кеңесінің төрағалары – 23; Мемлекеттік қызметшілер – 16; Мәслихат депутаттары, хатшысы – 13; БАҚ өкілдері – 11; Саяси партиялар – 7; Бюджеттік сала өкілдері – 9; Дін саласының өкілдері – 3; Кәсіподақ өкілдері – 5; Мәдениет саласының өкілдері – 2; Квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар – 2; Коммуналдық сала – 1; Этнос өкілдері – 2 адам.

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы 100% азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылды.

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы – Хожбанов Әріп Битілеуұлы.

Аймақта жыл басынан бері облыстық Қоғамдық кеңесі 2 Қоғамдық кеңес отырысын, 2 – төралқа отырысын, 6 – комиссия отырысын өткізді. 1 – қоғамдық тыңдау, 3 - мониторинг, 13 – сараптама жүргізіліп, 2 мемлекеттік орган, квазимемсектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есеп тыңдалды.

 

 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

№

Партияның атауы

Төрағасы

Фотосуреті

Қысқаша ақпарат

Облыстағы мүшелер саны

Мекен-жайы, байланыс құралдары

1.

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

Бос орын

 

 

45 875

Қызылорда қаласы,

Ы. Жақаев көшесі №2

8 7242 40 08 90

8 7242 27 58 23

kyzylorda@amanatpartiasy.kz

2.

«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

Прманов Жорабек Әкімбекұлы

 

1970 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген.

«ФинПомощь» МҚҰ ЖШС директоры

6250

Қызылорда қаласы,

Бөкейхан көшесі

құрылыс тұйығы №41 К

8 708 197 58 15

 

3.

«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы

 

1965 жылы

15 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қалалық мәслихат депутаты, «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры

6000

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы №25 б

8 7242 23 02 10

 

4.

«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы

 

1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері,

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі қамқоршылық кеңесінің мүшесі

10 194

Қызылорда қаласы,

Абай даңғылы №25 б

8 701 217 2911

8 700 570 0721

 

5.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы

Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы

 

1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

Inbusiness.kz. порталының меншікті тілшісі, «Тіл мерейі» газетінің жауапты хатшысы

6000

Қызылорда қаласы,

Қорқыт ата көшесі №3А,

11 пәтер

8 707 188-79-01

kyzylorda@osdp.kz

6.

«Respublica» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Талғатова Назерке Талғатқызы

 

1992 жылы

21 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ағылшын мамандығы бойынша ментор, тренер, шет елдерге гид суйемелдеуші қызметін атқарған. 2017-2023 жылдар аралығында USTUDY Аймақтық тестілеу орталығында қызмет атқарды.

8000

Қызылорда қаласы,

Қорқыт Ата көшесі 120

87475402655
kyzylorda.RE@
respublica-online.kz

7.

«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы

 

 

1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

2002 жылдан бері аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді

1900

Қызылорда қаласы,

Желтоқсан көшесі №120 «Капитал» бизнес орталығы

8 775 626 9162

 

 

Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы АҚПАРАТ

 

Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 85-мыңға жуық облыс тұрғындары  (дауыс беруге құқығы бар 495 500 сайлаушының 16,8 %) тіркелген.

  1. «Amanat» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 45 875 адам. Төрағасы – бос орын.
  2. «Aq jol» демократиялық партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6250 адам. Төрағасы – Пірманов Жорабек Әкімбекұлы;
  3. «Қазақстанның халық партиясы» облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    6 000 адам. Төрағасы – Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы;
  4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 10 194 адам. Төрағасы – Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы;
  5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы облыстық филиалы. Партия мүшелері – 6 000 адам. Төрағасы – Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы;
  6. «Respublica» партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері –
    8 000 адам. Төрағасы – Талғатова Назерке Талғатқызы;
  7. «Baytaq» Жасылдар партиясының облыстық филиалы. Партия мүшелері – 1 900 адам мүше. Төрағасы – Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы.

Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

 

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

 

Республика бойынша 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, өңірлер бөлінісінде Қызылорда облысы алғашқы бестіктің құрамында.

Анықтама: Алматы қ.- 5017, Астана қ.- 3554, Шымкент қ. - 1512, Қарағанды обл. - 1237, Қызылорда обл. - 1007. Оның ішінде: қоғамдық бірлестіктер- 458, қоғамдық қор - 290, бірлестіктер филиалы - 229, заңды тұлғалар ассоциациясы - 30.

ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.

Бүгінгі күні аймақтағы ҮЕҰ өкілдерінің белсенділігі серпінді түрде артуда. Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 100-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.

2024 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ағымдағы жыл еліміз үшін ерекше маңызды, ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі жалғасатынын атап өтті.

Облыс әкімімен 2024 жылға арналған 335 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес, 2024 жылғы 15 ақпанда Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл, 28 ақпанда «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жабылғанына 35 жыл толуына орай облыс көлемінде еске алу шаралары ұйымдастырылды.

2 наурызда «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау шаралары және 14 – 23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылды.

Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына - 800 жылдығын аймақта кеңінен атап өту мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Бұдан бөлек, жыл көлемінде республика мен Сыр өңірінің дамуына өзіндік қолтаңбасы бар тұлғалардың мерейтойларын, атаулы даталар мен мерекелік күндерді атап өтуге арналған жасампаз жұмыстар тоқтаусыз жалғасын табады.

Мемлекеттік әлеуметтік жобалар

2024 жылға облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 134 жобаға 1 млрд. 239 млн. 939 мың теңге қаржы қаржы қаралды.

Қазіргі таңда, ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда 40 қоғамдық ұйым белсенді жұмыс жасауда.

Дата публикации
09 июля 2024