Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.
Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,2% қазақ, 3,8% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 4 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 189 шара ұйымдастырылып, оған
12 мыңнан аса адам қамтылды.
«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында кәріс этномәдени бірлестігінің «Солаль» мерекесі, Қазақстандағы шешендер мен ингуштардың 80 жылдығына орай шешен этномәдени бірлестігінің конференциясы, Ассамблея жастарымен ұлттық ойындардан сайыс, «Славяне» мәдени орталығының «Масленица», «Сыр қоржыны» акциясы, Наурыз мерекесі, Сабантой және т.б. шаралар өткізілді.
14 маусымда облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың төрағалығымен «Жасампаздық пен өрлеу жолындағы бірлік» тақырыбында Қызылорда облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясы ұйымдастырылды.
Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде – 247 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – 246 бейнематериал, 626 жарияланым жарық көрді.