Жастармен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

Қызылорда облысында 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 (2023 ж. І тоқсан) жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3%-ын құрады.

Анықтама ретінде: оның ішінде 111 556 (45,5%) – қала жастары, 133 309 (54,5%) - ауыл жастары.

2023 жылғы IV тоқсан қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу бар (2022 ж. 3,9%).

Жастарды дамыту мен қолдауға 2024 жылға жергілікті бюджеттен 1 938,9 млн.теңге (2023 ж. 1 846,0 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 30 жобаға (2023 жылы – 32 жоба) 251,7 млн. теңге
(2022 жылы – 225,6 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 487,1 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн.теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: Бағдарлама 2024 жылы Қызылорда қаласы әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Облыстағы «Жастар ресурстық орталықтарының» (бұдан әрі - Орталық) саны – 10 (1-облыстық, 2-қалалық, 7-аудандық). Орталықтарда барлығы 146 маман жастарға қызмет көрсетуде.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айында жастарды жан-жақты қолдау және әлеуметтендіру бағытында 216 шара ұйымдастырылып, 43 мыңға жуық (42 366) жас қатыстырылды. Кеңес алған жастар саны – 5 688.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Барлық деңгейдегі Орталықтар жанынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. Бүгінгі күні 12 485 жас қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.

Аймақта волонтер жастар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру, олардың бастамаларына қолдау көрсету бағытында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі» белсенді жұмыс жасауда. Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.

Фронт-офистерге ресми түрде 35-тен астам волонтерлік топтар мен 2 мыңға жуық (1 925) волонтезр ресми тіркелген.

Байқоңыр қаласының жастарын әлеуметтендіру, олармен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша да нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағытта, Облыстық жастар ресурстық орталығының «Байқоңыр қалалық бөлімі» қызмет етеді.

Анықтама ретінде: Байқоңыр қаласы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 13 034 (ерлер – 6905, әйелдер - 6129), халықтың 32,9 %-ы. 

Сондай-ақ, «Байқоңыр қаласының жастарын қолдау жөніндегі
2022-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары»
бекітіліп,  ««Байқоңыр қаласының жастарын қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Жастарды қолдауға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасын табатын болады.

ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕ:

 1) NEET санатындағы жастар үлесін төмендету

2023 жылғы IV тоқсан қорытындысымен бұл санаттағы жастардың үлесі 7,2%-ды (16 360) құрады (2022 ж. – 7,8%). Өңірлер арасында 7-ші сатыда.

Осы мақсатта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген.

Атап айтқанда, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында «Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырып келеді. Бүгінде Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында құрылған еңбек бригадаларының саны
15-ке жетіп, құрамына 535 жас тіркелді. Ал, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы арқылы жыл сайын 1 871 жас маусымдық жұмыспен қамтылуда.

«Мүмкіндіктер алаңы» шарасы 2024 жылғы ақпан айында Қызылорда қаласында, наурыз айында Байқоңыр қаласында ұйымдастырылды.

Жастарды әлеуметтендіруге бағытталған шара аясында 119 мекемеден 1 262 бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты жұмысқа – 48 жас орналасты. Кеңес алған жастар саны – 1 865.

2024 жылдың 1 наурызына «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында іс-шаралармен 3 737 жас әртүрлі шаралармен қамтылды.

 Анықтама ретінде: 334-і онлайн курстарды және 198-ы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқып (оның 132 жобасын қорғады, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты), бұған қоса, 3205-і жұмыспен қамтылды: 617 жасымыз еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарға, 2588 жұмысты жасты субсидияланған жұмыс орындарына жолданды (әлеуметтік жұмыс – 45, жастар тәжірибесі – 434, қоғамдық жұмыс – 2071, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 4, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 34).

Дата публикации
12 апреля 2024