«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

 29.02.2024 жыл                                                        Қызылорда қаласы

КІРІСПЕ БӨЛІМ:

  1. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімдерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
  3. «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2023 жылғы 03 ақпандағы № 20 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ішкі талдау жүргізілді.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың  31.01.2024 жылғы №02-04/2 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді.

Топ жетекшісі:

Басқарма басшысының орынбасары

 

Ибраев Уалихан

Серікұлы

 

Топ мүшелері:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімнің басшысы

 

Мусаева Ақмарал

Қостаевна

 

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс                                  жасау бөлімінің басшысы

 

Сисенбиев Ерлан

Мырзалыұлы

 

Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы

 

Сахиев Саулет Ерназарұлы

Тілдерді дамыту және ономастика

бөлімінің басшысы

 

Есім Ляззат Жұмаханқызы

ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы

 

Алиева Айгерім Икрамқызы

Жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы

 

Мықбасов Нұркен Ғабитұлы

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 01-29 ақпан күндері аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауымен 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Басқарма басшысының орынбасары У. Ибраевқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің әдіскері А. Аблаеваға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Басқарманың тапсырысымен орындалатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Басқарма құзіреті шегінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы) жастар саясаты, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асырады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, басқарманың Ережесіне сәйкес іске асырады.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1.

II.Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру – басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Басқарма қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процесстік кодексі;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы   4 желтоқсандағы Заңы;

         Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы Заңы;

         Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы;

         Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi Заңы;

         Волонтерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы;

         Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі Заңы;

         Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы;

         Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;

         Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы;

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы;

         Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңы;

         Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңы;

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңы;

         Телерадио хабарларын тарату туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы;

         Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы;

         Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар миниистрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №75 бұйрығы негізінде «Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құныны айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылдың             24 наурыздағы №514 қаулысы Қазақстан Республиикасы Әділет Министрлігінен 2022 жылдың 31 наурызында №27331 нөмірімен тіркелді.

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2023 жылғы 03 ақпандағы № 20 қаулысы.

  • Персоналды басқару бағыты бойынша

         Кадрлық құрам бойынша:

          Басқарма құрылымында штат саны бойынша - 22 мемлекеттік қызметші және 17 штаттан тыс қызметкер жұмыс атқарады.

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

         Басқарма бойынша 2023 жылы 7 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.

Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, басқарма қызметшілері  әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.

         2023 жылы басқармада сыбайлас жемқорлық санатына жататын заңбұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

         Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

         Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасында қызметкерлерді іріктеу мен тағайындау барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау.

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу конституциялық құқығын қамтамасыз етеді. Конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау болған жоқ, заңға сәйкес конкурстық процедуралар өткізілді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы» Заңында және өзге де заңнамасынада белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттеріді атқаруға қабілетті және қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Басқармада біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.

Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.).

Басқарманың конкурсы бойынша облыс әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырысы кезеңінде басқарма тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.

«Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Кандиттар үшін әркелкі жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттар үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Үміткерлерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпеу.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс. Басқарма тарапынан мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданады.

Тікелей басшы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақытылы қабылдауға, оның ішінде:

  1. мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкіліттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;
  2. мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
  3. мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады.

Жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру.

Басқарма бойынша жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей, лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру фактілері орын алған жоқ.

Талдау обьектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге басқарма тарапынан сыйақы берілмейді.

Мерзімінен бұрын алынған жаза.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексеру нәтижелерімен анықталған бұзушылықтарға жұмыс барысында жіберілген кемшіліктері және өзіне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде орындамағаны  үшін  «ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы  қолданылып, (№02-04/9 01.02.2023ж) басқарманың  2023 жылдың 10 шілдедегі №02-04/37 санды бұйрығымен алынды.

Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.

         Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының, орынбасарлардың ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөніндегі шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсынысы негізінде сыйлықақы жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.

Басқармада «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдылық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес басқарманың үнемделген қаржы есебінен 2023 жылы «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай үнемделген қаржы есебінен лауазымдылық жалақының пайыздық теңдей мөлшерлемесімен сыйақылар берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде марапаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.

Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау.

         Басқарма бойынша тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау фактілері орын алмаған.

         Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттаға шараларды қолданбау және тағы басқа.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің                 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша.

2023 жылдың қорытындысымен Басқарма бойынша мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша.

Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларына қатысты.

Негізінен Басқармада тікелей рұқсат беру функциясы қарастырылмаған.

VII. Бақылау функцияларын іске асыру бағыты бойынша.

Басқармада бақылау қадағалау функциялары жүзеге асырылмайды.

VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

2023 жыл 31 желтоқсанға дейін:

Басқарма басшысының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №03-04/39 бұйрығымен бекітілді.

2023 жылы мемлекеттік сатып алу жоспарының 44 тармағына сатып алу өткізілген.

Оның ішінде:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 3 616,2  теңге 20 шарт жасалған.

Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 297,0  атауға "Қазпошта" акционерлік қоғамының "Республикалық арнаулы байланыс қызметі" филиалымен 1 шарт жасалған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу – 25 шарт жасалған.

Ашық конкурс – шарт жасалмаған.

2023 жылдың 31 желтоқсанына бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспары 276 311,6 теңге, оның ішінде бір көзден алу тәсілі арқылы  297,0 теңге.

Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.

Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін немесе күшін жоюға жататын актілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.

Қаржылық-экономикалық мәселелер.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының  2023 жылға игерілу туралы мәлімет.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы  25 жобаға
318 млн. 598 мың теңге қаржы бөлінді.

2023 жылдың 31 желтоқсан айына дейінгі мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы:

Келісім шарт жұмыс жасаған - 250 886, 23 (мың.теңге)

Үнемделген қаржы – 42 536 667,74 (мың.теңге)

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөліміне бөлінген қаржы – 106 348 200 (мың.теңге).

12 келісім шарт  жасалған – 67 875 589,39 (мың.теңге)

Үнемделген қаржы – 13 984 810,61 (мың.теңге)

Жастар жұмыс жасау  бөліміне бөлінген қаржы –  191 101 000,00 (мың.теңге)

8 келісім шарт  жасалған – 168 426 625,01 (мың.теңге)

Үнемделген қаржы – 24 986 874, 99 (мың.теңге)

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөліміне бөлінген қаржы – 1 157,0 (млрд.теңге)

112 келісім шарт  жасалған – 1 121, 0 (млрд.теңге)

Үнемделген қаржы – 36, 0 (млн.теңге)

Тілдерді дамыту және ономастика бөліміне бөлінген қаржы – 18 149 000 (мың.теңге)

3 келісім шарт жасалған – 14 584 017,86 (мың.теңге)

Үнемделген қаржы – 3 564 982, 14 (мың.теңге)

Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты квазимемлекеттік сектор «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс атқарады.

Алайда, облыс  әкімдігінің  15.10.2020 жылғы қаулысы негізінде Серіктестіктің 51% қатысу үлесін кейіннен сатып алу құқығымен 7 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шешім қабылданды.

«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 16.02.2024 жылғы №9 бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен 16.02 - 04.03.2024 жыл аралығында жүргізілді.

4 наурыз 2024 жылғы  талдау нәтижесімен Серіктестіктің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктер анықталмағандықтан  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыным берілмеген.

Х. Акпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу барысында төмендегі заңнамалар жұмыс барысында қолданылады:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы;
  • «Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 75 бұйрығы;
  • «Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы  № 514 қаулысы.

2023 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 1 157 234,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл көлеміндегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс конкурстарының қорытындысымен 112 келісім-шарт жасалды және БАҚ-пен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді:

  • Республикалық телеарналар – 136 сюжет;
  • Республикалық баспа БАҚ – 19780,2 ш/см мақала;
  • Республикалық интернет-ресурс – 398 материал;
  • Жергілікті телеарна – 10152 сюжет;
  • Жергілікті баспа БАҚ – 2500143 ш/см мақала;
  • Жергілікті интернет-ресурс – 10100 материал.

«Қызылорда облысында құқықтық саясаттың іске асырылу, бейінді ведомстволардың құқықтық қамтамасыз ету барысын; халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, заң жобалары мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, сот жүйесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды; сот жүйесіндегі реформалардың мазмұнын, адамның сот арқылы қорғалу құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды  мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық қолдау және түсіндіру» тақырыптық бағыты бойынша ЖК «Дегдар-медиа» www.degdar-news.kz - 5357143,3 теңге және ЖШС «Сан-Ай» пресс Ел тілегі газеті  - 3571425,0 мың теңге.

ХI. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты:

2023 жылдың 12 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 303 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 141, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 152, ұжымдық өтініштер – 9 және анонимді өтініш – 1. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.

303 өтініштің ішінде арыздар саны - 91, шағым - 2, басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) - 210, басқа органға құзыреті бойынша қайта жолданғандар саны – 56.

Қаралған жолданымдар саны - 253, оның ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны - 14, ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданғаны - 43, авторға жауап берілгені - 147, оңайлатылған әкімшілік рәсіммен тоқтатылғаны - 9, назарға алынғаны – 1, мерзімі ұзартылып қаралғандар саны – 4 (Анықтама: басқа-39).

Басқарма басшысының 2023 жылғы 2 наурыздағы №02-04/16 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған (Анықтама: сәрсенбі күні сағат 16.00-18.00).

Есепті кезеңде басқарма басшысының жеке қабылдауында 24 азамат болды (13 жеке қабылдау). Қабылдау барысында көше атауын беру, «Қазтест» жүйесі, үкіметтік емес ұйымдарының дерекқоры, «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі. Есепті мерзім ішінде орындалу мерзімінің сақталмау фактілері болған жоқ.

Басқармаға қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларына, ҚР Әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

 

Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер.

  1. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы 02.2024 жылғы  №02-4/5 бұйрығының аясында басқарма тарапынан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де қоғамдық жұмысқа қабылдау бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Басқарма тарапынан 01.03.2024 жылы құрылған жұмысшы топпен Орталық  қызметкерлеріне жиналыс өткізіп, аталған жиналыста қоғамдық жұмысқа тартылғандар  Э. Рсалиева, М. Аубакирова, Р.Абдиқалыкова,  Г. Ибраева азаматшалардың жұмысқа қабылданғаны жөніндегі құжаттамалары тексерілді. Тексеру барысында аталған азаматшалардың жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтары кадр бөліміндегі құжаттарға сәйкес бұйрықтарды тіркеу журналдары бойынша анықталмады.

Дегенмен, Орталықпен ұсынылған құжаттарға сәйкес 15.01.2024 жылғы №02-02/10 және №02-02/1 санды бұйрықтарымен жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа М.Пернебай, И.Қабатова, А.Сагнадиноваларды жұмысқа қабылғандығы жөнінде бұйрықтардың шығарылғандығы белгілі болды.  Орталық директорының орынбасары Қ.Өтегенов мониторинг жүргізу барысында 4 (төрт) азаматшаны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар Орталық директорының атынан жалған қол қойылғандығын (15.01.2024 жылғы №02-02/10 және №02-02/1 бұйрықтар) және ішкі құжат тізбесіне тіркілмегендігін растап, бұйрықтардың түпнұсқасы қалалық «Мансап» жұмыспен қамту орталығынан табылған және қоғамдық негізге жұмысқа қабылданған азаматшалар жұмыс орнына келмендігін атап көрсетіп отыр.

Осыған орай, жоғарыда аталған тұлғалар Э. Рсалиева, М. Аубакирова, Р.Абдиқалыкова,  Г. Ибраевалардың Орталық ішкі және сыртқы жұмыстарына арналған қоғамдық жұмыстарға тартылуы арқылы күнделікті жұмыстарды атқарған, атқармағандығын анықтау мақсатында Орталық қызметкерлерінен жеке-жеке ішінара түсініктемелер алынды. Жинақталған түсіндірмелер нәтижесінде Орталық қызметкерлерінің көрсетілімдері екі бағытқа бөлініп, яғни кейбір қызметкерлер (көлік жүргізушісі, сантехник және т.б.) жоғарыда азаматшалардың Орталықта жұмыс жасайтынынан хабарсыз екенін және бұл кісілерді бұрын-соңды көрмегендігін жеткізсе, Орталықтың басқа қызметкерлері (бөлім инспекторы, әкімшілік-шаруашылық маманы, еден жуушы және т.б.) жоғарыда аталған азаматшалардың жұмыс атқарып жүргендігін және көргендігін растап, жазбаша берген түсініктемелерінде көрсетіп, нәтижесінде құрылған жұмысшы топпен жоғарыда аталған азаматшалардың жұмыс атқарып не атқармай жүргендігіне қатысты Орталық қызметкерлерінің жалпы көрсетілімдері екі жақты  бағытта орын алуына байланысты нақты шешім қабылдауға мүмкіндік болған жоқ.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласының Мансап орталығы 13.03.2024 жылы жоғарыда көрсетілген азаматшалардың қоғамдық жұмыстарға қатыспауына байланысты осы кезеңге дейін аталған тұлғаларға еңбек ақы ретінде төленген бюджет қаражатын кері қайтару мақсатында Қызылорда қалалық сотына талап арыз жолданған. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген мән-жайлар Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бақылауында.

ҰСЫНЫМ:

Тексеру нәтижелерімен түпкілікті шешім қабылданғаны жөнінде Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне басқарма тарапынан арнайы хат жолдансын  және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстары жылына кемінде бір рет жүргізілсін.

  1. Басқарманың нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін немесе күшін жоюға жататын актілер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын НҚА анықталған жоқ.
  2. Персоналды басқару бағыты бойынша - сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
  3. Бюджет қаражатын игеру және бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша әлеуметтік жобаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою мақсатында ұсыным:  

  1. Басқарма және басқарма жанындағы орталық басшыларымен қызметкерлеріне тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы еспертпелер жасау;
  2. Басқарма және оған бағынысты орталық қызметкерлеріне ұдайы түрде өнім берушілермен жұмыс бабына байланысты телефон алмасу кезінде банк қосымшалары тіркелмеген телефон нөмірлерін ұсыну;
  3. Басқармаға қарасты орталықтарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында арнайы жоспар құрып, ішкі талдау жұмыстары жылына кемінде бір рет жүргізілсін;
  4. Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне жеке есеп шоттарына сыйақы түрінде бейтаныс тұлғалардан қаражат түскен жағдайда, мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарын сақтау жөніндегі ұстанымды ұстап, мемлекет меншігіне аудару туралы қағидат қалыптастыру;
  5. Басқарма және оған бағынысты орталық қызметкерлеріне негізде сыбайлас жемқорлық фактісінің куәсі болған жағдайда оны жасырып қалмай «1424» Call-centre» орталығына хабарлап айтқан жағдайда мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы берілетінін және басшылықпен көтермеленетіні туралы хабарлап отыру;
  6. Басқармаға қабылданған (тағайындалған) қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде және шектеулермен арнайы жазбаша таныстыру.

 

Топ жетекшісі:

Басқарма басшысының орынбасары

 

Ибраев Уалихан

Серікұлы

 

Топ мүшелері:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімнің басшысы

 

Мусаева Ақмарал

Қостаевна

 

БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс                                  жасау бөлімінің басшысы

 

Сисенбиев Ерлан

Мырзалыұлы

 

Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы

 

Сахиев Саулет Ерназарұлы

Тілдерді дамыту және ономастика

бөлімінің басшысы

 

Есім Ляззат Жұмаханқызы

ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы

 

Алиева Айгерім Икрамқызы

Жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы

 

Мықбасов Нұркен Ғабитұлы

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды.

 

Басқарма басшысы                               А. Есмаханов

 

Дата публикации
02 апреля 2024