«Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңес туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 363 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңес туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 363 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыстық кеңес туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің
    2009 жылғы 9 сәуірдегі № 363 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
  2. «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.А. Баймановқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қызылорда облысының әкімі                                                                 Н. Нәлібаев

Дата публикации
25 января 2024