Қоғамдық кеңестер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңына сәйкес жұмыс жасайды.
Аталған заңға 2021 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 қаңтардағы № 406-VI ҚРЗ Заңы қабылданды.
Қоғамдық кеңестердің мақсаты – азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру.
Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған
(1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).
Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 144 адам бар.
Оның ішінде Қызылорда облысы – 28, Қызылорда қаласы – 19, Арал ауданы – 15, Қазалы ауданы – 15, Қармақшы ауданы – 12, Жалағаш ауданы – 12, Сырдария ауданы – 15, Шиелі ауданы – 15, Жаңақорған ауданы – 13.
Сапалық құрамы: Кәсіпкерлер – 24 адам; ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділері – 25; Зейнет жасындағы қоғам белсенділері, Ардагерлер кеңесінің төрағалары – 22; Мемлекеттік қызметшілер – 17; Мәслихат депутаттары, хатшысы – 13; БАҚ өкілдері – 11; Саяси партиялар – 9; Бюджеттік сала өкілдері – 12; Дін саласының өкілдері – 3; Кәсіподақ өкілдері – 5; Мәдениет саласының өкілдері – 2; Квазимемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар – 2; Коммуналдық сала – 1; Этнос өкілдері – 2 адам.
Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы 100% азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылды.
Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы – Хожбанов Әріп Битілеуұлы.
Аймақта жыл басынан бері 38 Қоғамдық кеңес отырыстары, 24 – қоғамдық тыңдау өткізіліп, 19 – қоғамдық мониторинг, 14 – қоғамдық сараптама жүргізілді. 39 мемлекеттік орган, квазимемсектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есеп тыңдалды.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
|
№ |
Партияның атауы |
Жетекшісі |
Фотосуреті |
Қысқаша ақпарат |
Облыстағы мүшелер саны |
Мекен-жайы, байланыс құралдары |
|
1. |
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы |
Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы |
1967 жылы 10 шілдеде Қызылорда қаласы,
|
44 462 |
Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі №2 8 7242 40 08 90 8 7242 27 58 23 kyzylorda@amanatpartiasy.kz |
|
|
2. |
«Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы |
Прманов Жорабек Әкімбекұлы |
1970 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет қыстағында дүниеге келген. «ФинПомощь» МҚҰ ЖШС директоры |
6240 |
Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі құрылыс тұйығы №41 К 8 708 197 58 15 akzhol_kyzylorda@mail.ru |
|
|
3. |
«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы |
Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы |
1965 жылы 15 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қалалық мәслихат депутаты, «МетПромМонтаж» ЖШС құрылыс және гидромелиоративтік мекемесінің бас директоры |
6000 |
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №25 б 8 7242 23 02 10 halykparty.kyzylorda@mail.ru |
|
|
4. |
«Ауыл» ХДПП Қызылорда облыстық филиалы |
Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы |
1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі қамқоршылық кеңесінің мүшесі |
10 194 |
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №25 б 8 701 217 2911 8 700 570 0721 kyzylorda.auyl@mail.ru |
|
|
5. |
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Қызылорда облыстық филиалы |
Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы |
1979 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген. Inbusiness.kz. порталының меншікті тілшісі, «Тіл мерейі» газетінің жауапты хатшысы |
6000 |
Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №3А, 11 пәтер 8 707 188-79-01 kyzylorda@osdp.kz |
|
|
6. |
«Respublika» партиясының Қызылорда облыстық филиалы |
Талғатова Назерке Талғатқызы |
1992 жылы 21 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ағылшын мамандығы бойынша ментор, тренер, шет елдерге гид суйемелдеуші қызметін атқарған. 2017-2023 жылдар аралығында USTUDY Аймақтық тестілеу орталығында қызмет атқарды. |
8000 |
Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі 120 87475402655 |
|
|
7. |
«Baytaq» Жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы |
Айдаров Нұрхан Дүйсенханұлы
|
1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2002 жылдан бері аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді |
1500 |
Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №120 «Капитал» бизнес орталығы 8 775 626 9162 nurjas_85@mail.ru |
Қызылорда облысындағы саяси партиялар туралы
АҚПАРАТ
Қызылорда облысында 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 100-мыңға жуық адам тіркелген.
Облыс әкімдігі мен саяси партиялардың 7 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
2023 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.
Күнтізбелік жоспар 311 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар бар.
Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілерінің басқосуы және облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы А. Есмаханов аймақтағы ҮЕҰ белсенділері мен БАҚ саласындағы нәзік жандыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.
7 сәуір күні Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне арналған митинг өткізілді.
Шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М.Орынбайұлы сөйлеп, арманда кеткен арыстар аруағы алдында бас иіп, құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.
13 сәурде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Ұлт руханияты және Т. Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.
Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының тұсаукесері өтті. Романда Темірбек Жүргеновтің өмір жолы, өскен ортасы, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы суреттелген.
26 сәуір – Чернобыль апаты зардабының салдарын жою күніне арналған митинг өтті. Қатысушылар құрбан болған азаматтардың рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.
24 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимаратында «Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының ролі» атты дөңгелек үстел өтті.
25 мамырда облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жас мерейтойымен құттықтады. Мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтауы табысталды.
29 мамырда Достық үйі ғимаратында «ХХ ғасырдың басындағы саяси қуғын – сүргін: зерттелуі және өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Шараға онлайн байланыс арқылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы, Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрмаханова Жанат Жанашқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы қатысып баяндама жасады.
Бұдан бөлек, ҮЕҰ-ды қолдау бағытында ресустық орталық толықтай материалдық-техникалық қамтамасыз етілді. ҮЕҰ-дардың
https://npo-kyzylorda.kz/public/login сайты ашылды. Қалалық және аудандардағы 68 ҮЕҰ-ның өкілдеріне кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетілді. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен облыс бойынша белсенді және белсенді емес ҮЕҰ-дың мәлеметтік базасы ұсынылды. ҮЕҰ жұмысын белсенді етуге бағытталған ақпараттық-әдістемеллік құрал әзірленді.
Мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты арттыру бағытында адам құқықтары жөнінде Қызылорда облысы бойынша өкілі Д. Шәріпбаев, облыстық әділет департаментінің басшысы И. Бакишева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қ. Бекшин, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Ш. Амитов, Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Ақпан-мамыр айлары аралығында Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталығында ҮЕҰ-дардың басшыларына арналған көшпелі оқыту семинары өткізілді.
2023 жылдың II жартыжылдығына арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың 167 тармақтан тұратын күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.
Жоспарда қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар қамтылған.
Бірқатар шараларды атап айтсақ, облыстың 85 жылдығымен орайластырып, аймақтың дамуында өзіндік қолтаңбалары бар мемлекет және қоғам қайраткерлері Қ. Қазантаев, И. Әбдікәрімов және Т. Есетовтің 100 жылдығына орай аудандар мен облыс орталығында еске алу, ұлықтау шаралары, сондай-ақ, олардың өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-танымдық конференциялар өткізілді.
Сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер, аймақтың үлгілі отбасыларын жастарға насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық конкурсының облыстық қорытынды шарасы, Қазақстанның XI Азаматтық форумы қарсаңында «Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» атты өңірлік форумы және облыстық әкелер форумы ұйымдастырылды.
Үстіміздегі жылғы 17 қарашада Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімін ұлықтауға арналған «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Алаш қайраткерін ұлықтауға арналған шараға шет мемлекеттердің (Түркия, Өзбекстан) ғалымдары мен еліміздің өзге өңірлерінен белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен студент жастар қатысты.
Мемлекеттік әлеуметтік жобалар
2023 жылға облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 145 жобаға 1 млрд. 159 млн. 638 мың теңге қаржы қаржы қаралды.
Оның ішінде, облыстық қоғамдық даму басқармасы арқылы 25 жобаға 318 млн. 598 мың теңге қаржы бөлінді.
Халықты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту бойынша.
2023 жылдың 12 айында 1896 түрлі форматтағы шаралар өткізіліп, оларға 520 890 адам қатысты. Бұл облыс халқының 63% құрайды. Аталмыш жұмыстардың индикаторы 2023 жылға 62% құраса, өңірдегі тұрғындардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша қамтылуы жыл соңына дейін 63% құрады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту бойынша 2023 жылдың индикаторында 516 790 адам деп белгіленген. 12 айдың қорытындысымен 520 890 адам қамтылды.
Меценаттар салған және жөндеген объектілер бойынша.
2023 жылға нысаналы индикатор бойынша 25 нысан салынып, жөндеуден өтілуі қажет. Ағымдағы жылдың 12 айында жоспар бойынша 25 нысан салынып және жөнделген, жоспар 100%-ға орындалды.
Меценаттар тарапынан жөнделіп, қайта салынған 25 нысанның жалпы қаржысы 3 млрд. 420 млн. теңгені құрады.