Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,1% қазақ, 3,9% – әртүрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 394 шара ұйымдастырылып, оған
23 мыңнан аса адам қамтылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен жыл бойы «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері, түрлі бағыттағы семинарлар, этностардың мәдени күндері және ұлттық мерекелері аталып өтілуде. Жыл басынан бері ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен аймақта түрлі форматтағы 62 іс-шара ұйымдастырылып, оған 3000-ға жуық адам тартылды.

Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде – 262 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – 215 бейнематериал, 436 жарияланым жарық көрді.

Облыс әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Н. Нәлібаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан – даму мен бірегейліктің негізі» тақырыбында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХV сессиясы өткізілді.

Қызылордада республикалық «Корё ильбо» газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, осы жылдың 3 қарашасында Корея Республикасының делегациясының қатысуымен қайта жаңғыртудан өткен халық қаһарманы Хон Бом Доның мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуы болды.

Дата публикации
11 января 2024