Жастар саясаты
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы 244 865 (2022 ж. – 176 985 жас) жас есепке алынып, жалпы халықтың 29,3%-ын құрады.
Анықтама ретінде: Оның ішінде 111 556 (45,5%) – қала жастары, 133 309 (54,5%) - ауыл жастары.
2023 жылдың III тоқсанының қорытындысымен жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды (5230 жас) құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште төмендеу бар (2022 ж. 4,0 %).
Аймақта NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстарға негізгі басымдылық берілген. Бұл санаттағы жастардың үлесі 7,8%-ды (19 099) құрады (2022 ж. - 7,8%). Өңірлер арасында 6-шы сатыда.
Ағымдағы жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Қызылорда облысы бойынша NEET санатындағы 11 297 жастың тізімі ұсынылған болатын.
Осыған орай, тізімде көрсетілген жастардың әлеуметтік санатын нақтылау мақсатында облыс көлемінде адрестік жұмыстар қайта қолға алынды.
Нәтижесінде, NEET санатындағы 11297 жас (100%-ы) бойынша мәліметтер «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Жастарды дамыту мен қолдауға 2023 жылға жергілікті бюджеттен
646,0 млн.теңге (2022 ж. 488,6 млн. теңге); оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 32 жобаға (2022 жылы – 20 жоба) 225,6 млн. теңге
(2022 жылы – 180,2 млн. теңге), облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындарына (еңбек ақылары және өзге де төлемдер) 420,4 млн. теңге бөлінді.
Облыс көлемінде жастармен жұмыстарды 10 «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіруде. Орталықтарда барлығы 146 маман қызмет жасайды.
Есепті кезеңде мүдделі органдармен бірлесе отырып, жастарды жан-жақты қолдау және әлеуметтендіру бағытында 2126 шара ұйымдастырылып, 83 мыңға жуық жас қатыстырылды. Кеңес алғандар жастардың саны – 12 036.
Бүгінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған. Фронт-офистерге ресми түрде 35-тен астам волонтерлік топтар мен 1 838 волонтер тіркелген.
2023 жылдың ІІI тоқсанының қорытындысы бойынша волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен 84 шара ұйымдастырылып, оған 2000-ға жуық волонтер тартылды.
Жастардың негізгі көрсеткіштерін жақсарту, жастарды қолдау мақсатындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін облыстық қоғамдық даму басқармасына 2023 жылға 190,6 млн. теңге қаржы қарастырылды. Көрсетілген қаржыға 7 әлеуметтік маңызды жастар жобалары жүзеге асырылып, жастардың барлық санаттарын қолдау шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн.теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы қосымша қарастырылды. 2023 жыл соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.