Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.
Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,6% қазақ, 3,4% – 35 этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 92 шара ұйымдастырылып, оған
10 мыңнан аса адам қамтылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен жыл бойы «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері, түрлі бағыттағы семинарлар, этностардың мәдени күндері және ұлттық мерекелері аталып өтілуде. Жыл басынан бері ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен аймақта түрлі форматтағы 27 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2000-ға жуық адам тартылды.
Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде –
123 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда –
97 бейнематериал, 256 жарияланым жарық көрді.
Сондай-ақ, облыс бойынша ҚХА жанынан 1 облыстық, 1 қалалық, 7 аудандық және 1 ауылдық Ақсақалдар кеңесі құрылды.