Дін істері бөлімінің Ережесі

Жалпы ережелер

  1. Дін істері бөлімі Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Дін істері бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін, облыс  әкімі аппараты басшысының  бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
  3. Дін істері бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді. 

 

Дата публикации
01 июня 2022