ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің Ережесі
Жалпы ережелер
- ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімі Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
- ҚХА хатшылығы - Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
Дата публикации
01 июня 2022