Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің Ережесі

Жалпы ережелер

  1. Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің  шешімдері мен өкімдерін, облыс  әкімі аппараты басшысының  бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
  3. Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді. 
Дата публикации
01 июня 2022