БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің Ережесі
Жалпы ережелер
- БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімі Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығын, қолданыстағы нормативтік актілерді, ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік ұсыныстарды және осы ережені басшылыққа алады.
- БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс жасау бөлімінің құрылымын, штат санын ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
Дата публикации
01 июня 2022