Дін саласы бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанына
Аймақ тұрғындарына дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу бағытында кешенді жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
Облыс бойынша дін мәселесі жөнінде 9 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Есепті мерзімде мақсатты аудиториямен түрлі форматта 905 шара өткізіліп, 16 818 адам қамтылды.
Республикалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг, «Діни экстремизмнің алдын-алудағы профилактикалық шараларды жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, күмәнді деп танылған 81 сілтеме ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасына жолданып, 28-не «теріс» қорытынды берілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында жыл басынан бері 1 135 материал жарияланды.
Атап айтқанда, баспа құралдарында – 369, әлеуметтік желі парақшаларында – 458 (185 пост, 83 постер, 190 бейнеөнім), интернет ресурстарда – 232, өзге де платформаларда – 66 материал жарияланды.