Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылдың

ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша ақпарат

 

Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Облыс халқының 96,5% қазақ, 3,5% – 35 этностық топтан құралады. Этностардың басым бөлігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында (2,67%). Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.Есепті мерзімде жоспарлы түрде және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 174 шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан аса адам қамтылды.Облыстық ассамблеясымен жыл бойы «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері,  түрлі бағыттағы семинарлар, этностардың мәдени күндері және ұлттық мерекелері аталып өтілуде. 2022 жылдың 21 маусымда Қызылорда облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Н. Нәлібаевтың төрағалығымен аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының XXIV сессиясы өтті.ҚХА жанындағы Кеңес отырысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық негіздегі орынбасары болып өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Кахар Дадашев тағайындалды.

Аймақта медиация қызметін үйлестіруде облыс көлемінде 2022 жылы облыстық ҚХА-мен бірлесіп жұмыс атқаратын 45 медиатордың тізімі жасақталған.

Есепті мерзімде ҚХА медиаторларына барлық келіп түскен өтініштер бойынша барлығы 11, оның ішінде этносаралық даулар орын алған жоқ. 2022 жылғы ІІ тоқсанда облыс көлемінде медиацияға қатысты 15 түрлі форматты кездесулер, жиындар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 300-ден астам тұрғын қамтылды.

Есепті мерзімде республикалық және облыстық БАҚ беттерінде –
390 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда –
256 бейнематериал, 1245 жарияланым жарық көрді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша ақпарат
Дата публикации
11 июля 2022