БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімі

БАҚ САЛАСЫ

 

Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 132 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Оның ішінде, 117 басылым, 7 ақпараттық агенттік және интернет-сайт, 2 телеарна, 3 радио бар. Бұл салада 2 мыңнан астам журналистер жұмыс жасауда.

2022 жылға арналған «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі
Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.

Облысымызда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық коммуникациялар қызметінің облыстағы филиалы Өңірлік коммуникациялар қызметі табысты жұмыс жасауда.

Биылғы жылы аталмыш орталықтың жұмысын күшейту бағытында 5 штаттық бірлік берілсе, техникалық базасына соңғы үлгідегі бейнекамера мен құрылғыларды алу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, өңірлік коммуникациялар қызметінде
жыл басынан бері 233 брифинг (көшпелі брифинг 27),
8 баспасөз-туры өткізілді.

Сондай-ақ ақпараттық ағынды қалыптастыру бағытында түсіндірмелік бағытта 1000-нан аса баннерлер мен графикалар Өңірлік коммуникациялар қызметінің (әрі қарай - ӨКҚ) әлеуметтік желідегі парақшасы мен оқырмандары көп фейсбук-топтарға таратылды.

Жоғарыда аталған баспасөз-конференцияларында айтылған маңызды ақпараттардан 200-ден астам прес-баннерлер, видеотитрлар әзірленді. Республикалық және жергілікті БАҚ-қа 450-ге жуық ақпарат жарық көрді.

 

Дата публикации
11 июля 2022