БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімі
Облыстың медиа кеңістігінде 104 (12 мемлекеттік, 92 тәуелсіз ) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 3, интернет сайттар 6, баспа БАҚ 87.
2022 жылға арналған «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 119 брифинг өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 1 баспасөз туры ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.
2021 жылдың есепті мерзімінде БАҚ өкілдерінің басшылары мен республикалық телеарна, баспа басылымдарының меншікті тілшілерімен
2 рет кездесу өткізіліп, журналистердің мәселелері тыңдалды.
2022 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 1 049 675,0 мың тг. бөлінген.