ЖАСТАР ПАСПОРТЫ

Қосымша

Қызылорда облысы жастарының сандық көрсеткіштері

 

№

Атауы

Саны

1.         

Жастардың саны (14 жастан 29 жасқа дейін) Қызылорда облысы (2021 жыл)

176 300

2.         

Жұмыс жасайтын жастар (2021 жылдың қорытындысы)

82 574

3.         

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар (2021 жылдың қорытындысы)

34 529

4.         

Жұмыссыз жастар саны (2021 жылдың қорытындысы)

3405

5.         

NEET санатындағы жастар үлесі

7.9%

6.         

Дауыс беруге құқығы бар жастар (18-35 жас аралығында) (2021 жылдың қорытындысы)

207 827

7.         

Жас депутаттар саны  

-

8.         

29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер

386

9.         

Жастар ұйымдарының саны

61

10.    

Жас кәсіпкерлердің саны

7 000-ға жуық

11.    

ЖОО саны (бар болған жағдайда)

3

12.    

ТжКБ саны (бар болған жағдайда)

30

13.    

ЖОО студенттерінің саны (бар болған жағдайда)

12 524

14.    

ТжКБ мекемелеріндегі студенттер саны (бар болған жағдайда)

19 692

15.    

Мектептер саны

323

16.    

Мектеп оқушыларының саны

177 013

 

 

ЖАСТАР ПАСПОРТЫ

 

Демографиялық статистика

 

Статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 176 300 адам (ол жалпы халықтың 21,6%). оның ішінде 73 180 (41,5%) – қала жастары, 103 120 (58,5%) - ауыл жастары.

Жастардың ішінде кәмелет жасқа толмағаны (14-18 жасқа дейін) – 63 536, ал 18-35 жас аралығындағы жастардың саны-207 827 жас.

 

Еңбек статистикасы

 

Облыс бойынша 15-28 жас аралығындағы экономикалық тұрғыда белсенді жастардың (жұмыс күші) саны 2021 жылдың қорытындысы бойынша 82 574 адамды, жұмыспен қамтылған жастар – 79 169 адамды құрайды.

Жастардың 25%-ы көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді жөндеумен айналысады, ал 12%-ы білім беру саласында, 8%-ы құрылыс саласында жұмыс атқарады. Жастардың ең азы 0,4%-ы қаржы және сақтандыру саласында жұмыспен қамтылған. 

Облыс бойынша жұмыссыз жастар саны-3 405 адамды, экономикалық тұрғыда енжар жастар (жұмыс күші құрамына кірмейтін жастар) саны-70 600 жас, экономикалық тұрғыдан белсенді емес жастар (оқу, күндізгі нысан себебі бойынша) саны -  61 900 жасты құрайды.

15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4,1%-ы құрады (2020 жылдың қортындысы бойынша – 4,3%). 2025 жылға бұл көрсеткішті 3,9%-ға дейін түсіру жоспарлануда.

Ал облыс бойынша NEET санатына жататын, жұмыста немесе оқуда жоқ жастардың үлесі 2021 жылдың қорытындысымен 7,9%-ды құрады (2020 жылы 8,3%). 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 7,8%-ға төмендету жоспарлануда. Ол үшін кешенді жоспара бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

 

Білім

 

Жалпы білім беру

2021-2022 жылға облыста жалпы білім беретін мектептердің саны – 323 (қалалық жерде-82, ауылдық жерде-241), (1 жылдың ішінде 9 мектеп ашылды) оқушылар саны – 177 013 адам (қыздар-86 658, ұлдар-90 355). Қалалық жерде – 81 161 жас, ауылдық жерде -  95 852. Күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны – 176 542 жас, кешкі - 471.

Техникалық және кәсіптік білім беру

2021/2022 оқу жылының басында Қызылорда облысында  30 техникалық және кәсіптік, орта білім беретін дербес оқу орындары жұмыс істеуде.     Оқушылардың жалпы саны 19692 адамды құрады, оның ішінде 9314 адам немесе 47,3% - әйелдер. 2020/2021 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 0,7% азайды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 11987 адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санынан 60,9% құрайды,  7705 адам немесе оқушылардың 39,1% ақылы білім қызметтерін алады.

2021-2022 оқу жылында 6061  жас оқуға қабылданды, 5193 жас бітіру күтілуде. Оның ішінде қала бойынша 3908 жас, аудандар бойынша 1285 жас (Қазалы ауданы-295, Арал ауданы-255, Шиелі ауданы-235) бітірдеді.

Жоғары оқу орындары

2021/2022 оқу жылының басына Қызылорда облысында  3 жоғары оқу орны жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны – 12524 адам, олардың ішінен әйелдердің саны 6578 адам немесе  52,5% құрайды. Ағымдағы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 1355 адамды немесе 12,1% елеулі көбейген. Қазақ тілінде оқитын бакалаврлардың саны 12242 адамды құраса, оның ішіндегі әйелдері 6389 адамды құрайды.

Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен білім алатын студенттердің саны 1940 адам немесе 15,4% құрайды, ақылы негізде оқитындар – 10584 адам (84,5%).

2021-2022 оқу жылында 4079 жас оқуға қабылданды және 3866-ы бітіреді (оның ішінде 1009-ы педагогикалық мамандықтар, 905-білім саласы, 339-тезникалық ғылымдар мен технология, 376-бизнес, басқару құқықтары, ең азы 11- ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша) деп жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар

 

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 2091 жасты - «Жастар тәжірибесіне», 147 жасты - «Алғашқы жұмыс орынына», 1210 жасты - «Қысқа мерзімдік оқыту курстарына» жолдау және 1448 жасты - жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беру жоспарлануда.

2022 жылдың 1 сәуіріне Ұлттық жоба аясында 3444 жастар халықты жұмыспен қамтудың белсенді іс-шаралармен шаралармен қамтылды.

Оның ішінде:

- 9 жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант белілді;

- 743 бос жұмыс орындарына орналасқандар;

- 113 әлеуметтік жұмыс орындарына;

- 562 жастар тәжірибесіне;

- 794 ақылы қоғамдық жұмыстарға;

- 2 алғашқы жұмыс орындарына;

- 7 ұрпақтар сабақтастығына жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

 «Жасыл ел» жобасы

2021 жылы жоба аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық штабы құрылып, штаб қызметін ұйымдастырылды. Жоба аясында 1871 жас маусымдық жұмыспен, экипировкамен қамтамасыз етілді.

Жоба аясында, Қызылорда қаласы мен аудандардағы 400 жасты қамти отырып, 8 экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған көшпелі акциялар ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» сарбаздары арасынан «Эко-сақшы» волонтерлер қозғалысы құрылып, мүшелікке 200 жас тартылды. Олардың қатысуымен маусымдық кезеңде барлығы 8 акция ұйымдастырылды. Аталған акциялар аясында 5 тыл және еңбек ардагерлерінің үй жұмыстарына көмек көрсетілді.

Еңбек маусымының ашылу және жабылу рәсімдері салтанатты түрде ұйымдастырылды. Маусымдық кезеңде белсенділік танытқан 10 жасқа түрлі номинациялар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2022 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 1871 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

 

Мемлекеттік қызметшілер

 

2022 жылдың І тоқсанына 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 386 адамды немесе нақты қызметшілер санының 11,9%-ын құрады (3243 адам). Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда – 196 адам (50,7%), департаменттерде – 190 адам(50,3%)  еңбек етеді.

2022 жылдың І тоқсанына мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілген жалпы конкурстарға қатысқан 29 жасқа дейінгі қатысушылар саны 151 адамды құрады. Оның ішінде жұмысқа қабылданған 50 азаматтың 20-і (40%) 29 жасқа дейінгі жастар болып табылады.

 

Жастар ісі жөніндегі комитеттер мен жастар ұйымдары

 

Кәсіпорындарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде Жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс істейді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша барлығы – 47, оның ішінде ЖОО – 3, колледждер – 30, кәсіпорындар – 14.

2021 жылдың қорытындысы бойынша – 46, оның ішінде ЖОО – 3, колледждер – 29, кәсіпорындар – 14.

Облыс бойынша облыстық Әділет департаментінде 58 жастар ұйымы тіркелген, оның ішінде белсенділері– 46.

8 жастар ұйымдары республикалық маңызы бар мәртебеге ие: «Atameken» партиясы жанындағы «Zhas Otan» жастар қанаты» ҚБ, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы», «Қазақстан Студенттер Альянсы «Республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  РҚБ, «Жайдарман» ХМО.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Zhas Otan» жастар қанаты»- өңірлік басшы Жорабек Медет  (қамтылған - 164 мың адам).

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  РҚБ - аймақтық жетекшісі Ақмырзаева Гүлайым (57 мың адам қамтылды).

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы»-өңірлік жетекшісі Алдабергенов Жасұлан Нұрланбекұлы

Ұлттық волонтерлік желі-өңірлік жетекші Чебакова Ольга Константиновна  (200-ден астам адам қамтылды).

Қазақстан студенттер Альянсы-аймақтық жетекшісі Ханзада Алтынай (500 адам).

ҚХА "Жайдарман" ХМО-өңірлік жетекшісі Басаров Әліби Төлепбергенұлы (мыңға жуық адам қамтылды).

Жастар арасындағы қылмыстылық

 

Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне сәйкес 2022 жылдың І тоқсанына 14-29 жас аралығында облыс бойынша жастармен жасалған қылмыстар 3,3 %-ға (123/127) жоғарылаған.

         Жалпы 14-29 жас аралығындағы жастармен 127 қылмыс жасалса, оның 3 адам өлтіру (ҚР ҚК-нің 99-бабы), 12 алаяқтық  (ҚР ҚК-нің 190-бабы), 48 ұрлық (ҚР ҚК-нің 188-бабы), 6 тонау (ҚР ҚК-нің 191-бабы), 7 бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы), 5 ауыр дене жарақатын салу (ҚР ҚК-нің 106-бабы) 2 есірткі қылмыстары (ҚР ҚК-нің 296-бабы) болса, қалған 23 өзге қылмыстар болып табылады. Сондай-ақ осы қылмыстарды жасағаны үшін 14-29 жас аралығындағы 106 жас қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Жастар арасындағы суицид

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың І тоқсаны бойынша 14-29 жас аралығында облыс бойынша   29 суицидтік оқиға орын алған. Оның ішінде, 22-ы аяқталған (76%), 7-уі аяқталмаған сипатқа ие. Оқиғалардың жоғары көрсеткіші Қызылорда қаласында (76%, 22 суицидтік оқиға) және  Қазалы ауданында (14%, 4 суицидтік оқиға) орын алды. Суицидтік оқиғалар себебіне: отбасылық қатынастарда кикілжіңдер, жалғыздық, достарына реніш себеп болғандығын көрсетуде.

 

«Бекітілген»

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық

филиалы Саяси кеңесі Бюросының

№ 018PQ  қаулысымен

« 07 » маусым 2021 жыл

 

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ  «ЖАСТАР-ОТАНҒА!»  БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НӘТИЖЕЛЕР              КӨРСЕТКІШТЕРІ (ИНДИКАТОРЛАРЫ)

№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру кезеңі

Жауапты орындаушылар

2021

2022

2023

2024

2025

1

2

3

4

5

6

7

8

9

АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

    1.         

Жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шаралар өткізуге қаржы бөлу

млн. тг

162,3млн тг

180,2млн тг

 

 

 

ІСБ

    2.         

Волонтерлік қызметке кемінде 8 мың еріктіні тарту, оларға әдістемелік көмек көрсету және оларды түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту

саны

1531

1625

 

 

 

ІСБ,

«Jas Otan» ЖҚ ҚОФ

    3.         

Жастар бастамаларын қолдау бойынша гранттық қаржыландыруды 3%-ға ұлғайту

%

-

-

 

 

 

ІСБ

    4.         

Мүдделі мәселелер бойынша ақпараттық консультациялар ұйымдастыру

 

Жастар саны

 

 

 

 

 

ІСБ,

«Jas Otan» ЖҚ ҚОФ

САПАЛЫ БІЛІМ

    5.         

Үш тілді меңгерген жастардың үлесін 20%-ға  дейін арттыру

 

%

17

18

(жоспар)

 

 

 

ББ,

ІСБ,

Қала, аудан әкімдіктері

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

    6.         

Жастар жұмыссыздық көрсеткішін  3,9%-ға дейін төмендету

%

4,1

-

-

 

 

ЖҚҮӘББ,

ІСБ,

Қала, аудан әкімдіктері,

ҰСБҚОБД

    7.         

NEET санатындағы жастардың санын 7%-ға  төмендету

%

7,9

-

 

 

 

ІСБ,

ЖҚҮӘББ,

ББ,

КжТБ,

Қала, аудан әкімдіктері,

ҰСБҚОбД

    8.         

«Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде маусымдық жұмыс форматтарын күшейту арқылы 7000-ға жуық жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

адам саны

1871

1871

 

 

 

ІСБ,

Қала, аудан әкімдіктері

 

Дата публикации
04 апреля 2022