Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
азаматтық иниституттармен жұмыс жасау бөлімінің І тоқсанда
атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Саяси партиялар
2022 жылы Қызылорда облысында 6 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Саяси партиялардың облыстық филиалдарында 79 124 мың адам тіркелген.
Анықтама ретінде: «Аманат» партиясы – 44 245 адам, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 131 адам, «Adal» партиясы – 8 252 адам, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» – 6 000 адам, «Қазақстанның Халық партиясы» – 5 456 адам және «Aq jol» демократиялық партиясы – 5 040 адам.
Облыс әкімдігі арасында саяси партиялардың 6 филиалы және олардың басшыларымен сындарлы диалог орнатылып, бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 1193 үкіметтік емес ұйым (474 – бірлестік, 307 – қор, 412 – филиал мен өкілдік) тіркелген. Оның ішінде 454-і өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосып келеді.
Жылдан жылға мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам құрылымдарына облыстық бюджеттен қаржылай қолдау көрсету көлемі ұлғайып, үкіметтік емес ұйымдардың сан-салалы бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалуда.
Ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бағытындағы жұмыстарға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдарға 765 млн. 30 мың теңге қаралып, 105 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар салалық принцип негізінде 15 бағыт қамтылды.
Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 100 үкіметтік емес ұйым өкілдері комиссия мүшесі ретінде кіргізілген. Қазіргі таңда аталған кеңестер мен комиссиялардың құрамын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы кеңес жұмыс жасайды.
Кеңестің құрамына мемлекеттік мекеме басшылары, өңірдегі ҮЕҰ-дар, Азаматтық Альянстың қала және аудандардағы өкілдері мен қоғам белсенділері енгізілген.
Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігі мен өзектілігін бақылау және бағалау мақсатында бұған дейін құрылған эксперттік топтың құрамы биыл толық жаңартылды.
Азаматтық Альянстың құрамына Жарғылық талаптарға сәйкес 73 ҮЕҰ мүшелікке енген. Барлық аудандарда өкілдер бекітіліп жұмыс жасауда.
2021 жылы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Азаматтық орталыққа кеңсе бөлініп, бүгінгі күнге дейін нақты кеңсесі жоқ 6 қоғамдық ұйым кеңсемен қамтамасыз етілді.
2022 жылғы 24 наурызда Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы бастаған делегация Қызылорда облысына іс-сапармен келді.
Сапар аясында Б. Нұрғазиева облыс әкімінің қабылдауында болды. Сонымен қатар, делегация құрамы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының Азаматтық Альянс Ассоциациясының» орталығымен танысып, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.
Сонымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жастар бірлестіктерінің басшыларымен пікір алмасып, Достық үйінде облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, Қызылорда қалалық мәслихатында депутаттармен жүздесті.
25 наурызда Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында айтылған азаматтық қоғам институттарын жаңа форматта дамытудың механизмдерін талқылау үшін республика көлемінде бірінші болып Қазақстанның Азаматтық Альянсының семинары Сыр өңірінде ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, Нұр-Сұлтан қаласының, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстардың Азаматтық Альянс көшбасшылары, өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында республиканың әр өңірінен келген спикерлер азаматтық секторды дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсынып, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай, «Невада-Семей» қозғалысының 32 жылдығы және 7 сәуір – Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған азаматтарды есуке алу күніне арналған арнайы митинг шарасы өткізіліп, қаза болған азаматтарға арнайы құран бағышталды. Шара барысында қаза болған азаматтарға облыс әкімінің гүл шоқтары қойылды.
Облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралар
2022 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп, бекітілді.
Күнтізбелік жоспар 324 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Сыр өңірінен шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар қамтылды.