Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша қысқаша ақпарат

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2022 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары бойынша қысқаша ақпарат

 

Облыс аумағында этносаралық қатынастар және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Есепті кезеңде жұмыс жоспарына сәйкес онлайн/офлайн форматта барлығы 106 шара ұйымдастырылып, оған 5000-ға жуық адам қамтылды.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай әзірленген облыстық кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы саны 106 шара өткізіліп, оған 15 000-нан астам адам қатысты.

  1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділерінің ұйымдастыруымен ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсету акциясы өткізілді.

Алғыс айту философиясы жайлы танымдық және мәдени-көпшілік  іс-шаралар барлық мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорын мен ұйымдарда, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды.

  1 наурыз – Алғыс айту күні Достық үйінде «Алғыс айту – азаматтық парыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Қазбекова, облыстық этномәдени бірлестіктердің және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері, қала және аудан тұрғындары (онлайн байланыс арқылы) қатысты.

БАҚ-та, әлеуметтік желілерде «Алғыс айтамын» атты арнайы айдарлар ашылып, онда танымал тұлғалар мен зиялы қауым өкілдерінің, меценаттар және этномәдени бірлестік өкілдерінің сұхбаттары мен пікірлері және  #Меналғысайтамын, #Алғысымшексіз, #«Алғысайту-парызым» хэштегтерімен бейнеқұттықтаулар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Этномәдени бірлестіктердің саяси-қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында этностардың мәдени күндері аясында ұлттық мерекелері мен түрлі форматты шаралары ұйымдастырылды («Сольналь» кәріс ұлттық мерекесі, 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Шұғылалы көктем шуағы», Наурыз мерекесі, славян ұлтының «Масленица» мерекесі, татар ЭМБ-нің мәдени күндері аясында «Көктем мерекесі - 2022»).

Облыс көлемінде 42 кәсіби және 615 қоғамдық медиатор тіркелген. Облыстық ҚХА-мен бірлесіп жұмыс атқаратын 45 медиатордың тізімі жасақталды.

Есепті мерзімде ҚХА медиаторларына келіп түскен өтініштер бойынша барлығы 14, оның ішінде этносаралық 2 дау медиациялық келісім арқылы шешілді. 

Медиацияға қатысты 9 түрлі форматты кездесулер, жиындар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 200-ден астам тұрғын қамтылды.

25 наурызда Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Медиаторлар кеңесінің «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында отырысы өтті.

Шараға қалалық ардагерлер кеңесі, медиация ұйымдары, оқу орындарынан құқықтану саласының мамандары, ЭМБ жетекшілері мен белсенділері және облыстық ҚХА-мен бірлесе жұмыс жасайтын қоғамдық медиаторлар қатысты.

Қайырымдылық бағыты бойынша 15 іс-шара ұйымдастырылып, 1780 адамға көмек көрсетілді.

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Ассамблея құрылымдары «Мейірімді жүрек – жылы тілек» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы 6 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттау және кеңінен оқыту мақсатында «Мәміле» клубы мен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жылдық жоспарлары әзірленіп, мүшелерінің деректер қоры жаңаланды.

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Достық үйінің мәжіліс залында жастарды мемлекеттік тіл – қазақ тілін біліп, оқып-үйренуге және көздің қарашығындай сақтауға, сонымен қатар, өз ана тілдерін, ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін құрметтей білуге шақыру мақсатында «Поэзия және Мен» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке «Славяне», неміс, кәріс, өзбек, татар, түрік этномәдени бірлестіктерінің белсенді жастары, отбасылық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылының оқушылары қатысып, ана тілдерінде түрлі тақырыптардағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Кеш соңында барлық қатысушыларға Сырдың сыршыл ақындарының кітаптары табысталды.

Кәсіпкерлік ортада тіл саясаты және «ҚР Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау қажеттілігі мәселелері бойынша «Қоғамдық келісім» КММ-нің базасында облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер жетекшілері және мемлекеттік тілді еркін меңгерген белсенді этнос жастарынан медиаторлар тобы қалыптастырылды.

Есепті мерзімде әлеуметтік желілерде 438 жарияланым, 86 бейнеролик, БАҚ пен интернет ресурстарда 103 материал жарық көрді.

Дата публикации
04 апреля 2022