Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру бойынша атқарылған жұмыстар
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін құру және нақтылау мақсатында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» таныстыру мақсатында аппараттық оқу өткізілді.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағыты, «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты 1-15 қадамдар жайлы қызметшілермен әңгімелер өткізілді.
Басқарма жоспарына сәйкес 14.09.2018 ж «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау тақырыбы бойынша құқықтық оқыту жүргізілді.
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің қызметтік әдеп Кодексі» әзірленді. 2016 жылы 29 маусымда өткен ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында талқыланып, қабылданды. Әдеп Кодексі арнайы кітапша етіп әзірленіп, барлық қызметкерлерге таратылды.
Басқарма жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау бойынша аппараттық оқу жүргізілді.
2022 жылы басқарма қызметкерлері тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының сақталмауы бойынша арыз-шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.