Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2022 жылдың І-тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.
Басқарма бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша 2019 жылдың 9 ай ішіндегі бекітілген құқықтық оқыту кестесіне сәйкес, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 2 рет құқықтық оқу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру семинарлары өткізілді.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 27 маусым мен 2 шілде күндері құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
Басқарма жоспарына сәйкес 25.02.2022 ж «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау тақырыбы бойынша құқықтық оқыту жүргізілді.