Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізілу барысы

Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерімен жұмыс жүргізілу барысы 

            Басқармаға облыс әкім аппаратынан ағымдағы жылдың І тоқсанында  барлығы
81 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер - 31, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 48 және ұжымдық өтініштер – 5. Барлық өтініштер бақылауға алынып,  заңнамамен көзделген мерзімдерінде  жауаптары берілді. 

            Басқарма басшысы және орынбасарларының  жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, басқарма орналасқан Облыстық мекемелер үйі ғимаратының төменгі қабатында ілінген. Аталған кезеңде басқарма басшысы және орынбасарларының  жеке қабылдауында  3 азамат болды. Қабылдау барысында азаматтарға БАҚ-тар бойынша, көше атауын беру және қоғамдық саяси шараларды ұйымдастыруға ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және өтініштерді есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылады. Өтініштің қаралу мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі. Есепті мерзім ішінде орындалу мерзімінің сақталмау фактілері болған жоқ. 

Дата публикации
04 апреля 2022