Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат
Облыстық ішкі саясат басқармасы облыс әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша және «NurOtan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы « 5» наурыздағы № 001 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын басшылыққа алып жұмыс жасауда.
Басқарма бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша 2021 жылдың бекітілген құқықтық оқыту кестесіне сәйкес, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен 2 рет құқықтық оқу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру семинарлары өткізілді.
Бұдан бөлек, материалдық-жауапты, мемлекеттік сатып алумен айналысатын және халыққа тікелей қызмет көрсететін мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жоспары әзірленіп, жеке бақылау жұмыстарын жүргізу мен жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында 11 кездесулер және іс-шаралар ұйымдастырылды.