Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

         Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Жыл басынан бері бейбіт жиналыс пен митинг өткізуге
20 хабаралама (18 митинг және 2 пикет) тіркелді. Профилактикалық келіссөздер нәтижесінде және берілген хабарлама заң нормаларына сәйкес келмеуінен рұқсат берілмеді.

2021 жылдың 12 айында 111 жиын өткізілгені белгіленді. Оның ішінде жер мәселесі бойынша 39 жиын орын алған. Жиындарда көтерілген мәселелердің басым бөлігі пай үлескерлері тарапынан жер телімдерін бөлу, бөлек шаруашылық құру  екендігі белгіленді.  

Сонымен қатар, мұнай және мұнай сервис компаниялары және де басқа кәсіпорындарда 10 жиын өткізілген. Жиындарда жұмысшылар жалақыны көтеріп, еңбекке қолайлы жағдай жасауды талап  еткен.

Жыл басынан ҚР аумағында экстремистік деп танылған ҚДТ/КП қозғалысының мүшелерінің қатысуымен 13 жиын ұйымдастырылған.

Әлеуметтік аз қамтылған орта өкілдері, оның ішінде жалғыз басты және көп балалы аналар тарапынан облыс, қала және аудан әкімдіктері ғимаратының алдында 32 жиын орын алғаны анықталды.

Тұрғындар әр түрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтеріп
17 рет жиналған.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, құқық қорғау және прокуратура органдарымен ведомствоаралық деңгейде үйлестірілуде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Картаға енгізілген
34 проблемалық мәселенің 12-і оң шешім тапса, қалған мәселермен жұмыстар жүргізілуде.

Тұрақсыздық белгілерін анықтау мен алдын алу мақсатында облыс аумағында үздіксіз мониторинг жүргізілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында қоғамдық-саяси ахуал бойынша апта сайын, яғни 48 рет аймақта наразылық тудыруы мүмкін мәселелерге болжам жасалып, облыс әкіміне ақпарат жолданып отырды. Онда аймақ бойынша 110 мәселе көтеріліп, қазіргі уақытта олардың 86-сы өзектілігін жойса, қалған 24 мәселе әлі де өзектілікке ие болып отыр.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардарлығын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен спикерлер пулы жасақталды.

Бұл бағытта ақпарат таратып, пікір білдіретін 45 спикер қалыптастырылып, БАҚ-тарда пікірлері жариялануда.

         Қазіргі таңда, «Ақпараттық талдау орталығы» бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық пікірді зерттеу арқылы облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар мен өзекті мәселелерді анықтайды.      

Есепті мерзімде, маңызды мәселелер мен тақырыптар аясында                  18 тақырып бойынша 23 әлеуметтанулық зерттеу ұйымдастырылып, 26 375 тұрғын қатысты.

Мемлекеттік ақпараттық саясат бойынша.

Облыстың медиа кеңістігінде 101 (12 мемлекеттік, 89 тәуелсіз ) бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 8, ақпараттық агенттік 3, интернет сайттар 3, баспа БАҚ 87.

2021 жылғы 22 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталған медиа-жоспар өңіріміздегі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған. Мұнымен қоса, түрлі тақырыптарда 15 медиа-жоспар бекітіліп, ақпараттық шаралар жүргізілуде.

Жыл Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 569 брифинг ( 428-і жоспармен бекітілген, 141-і жоспардан тыс)  өткізіліп, БАҚ өкілдерімен 25 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда тұрғындарды ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 92%-ын құрайды.

2021 жылдың есепті мерзімінде БАҚ өкілдерінің басшылары мен республикалық телеарна, баспа басылымдарының меншікті тілшілерімен
2 рет кездесу өткізіліп, журналистердің мәселелері тыңдалды.

2021 жылға мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне 971 286, 0 мың тг. бөлінген.

Интернет сайттармен жұмыстар

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» egov.kz порталында Қызылорда облысы әкімінің қатысумен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылады. 2021 жылы
9 интернет-конференция жоспарланып, ұйымдастырылды. Оған 38 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде уақытылы жауап берілді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін «Ашық диалог» порталында жыл сайын сауалнама жүргізіледі. Жыл басынан бері порталға 3 сауалнама орналастырылды.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында республикалық 5 интернет сайтпен
жұмыс жасалып келеді. Интернет-порталдарға күнделікті облыстағы имидждік бағыттағы жаңалықтар орналастырылады.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары облыста 15-тен аса қоғамдық ұйымдар тіркелсе,  бүгінгі таңда  олардың саны 994-ке жетті. Үкіметтік емес ұйымдарды бір орталыққа біріктіріп, қоғамдық-саяси жағдайды нығайту мақсатында өңірдегі  Азаматтық Альянс жұмысы қайта жанданды. Оның құрамына бүгінде 100-ге тарта ұйым еніп отыр. Альянс жетекшісі болып Ізден Анар Жарылқасынқызы сайланды.

Жылдан жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам құрылымдарына қаржылай қолдау көрсету көлемі ұлғайып, үкіметтік емес ұйымдардың жан-жақты жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалуда.

Мұның дәлелі ретінде биылғы жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қалалық, аудандық бюджеттер арқылы
111 жобаға 696 млн. теңге
қаржы қаралған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобаларға бөлінген қаржы 17 бағытта жүзеге асырылуда.

Аталған шаралардың барлығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған облыстық жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, өткізілуде.

Сонымен қатар 21 шілде күні «Достық үйінде» облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасын сайлау және Арал ауданындағы қуаңшылыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне Б. Досманбетов сайланды.

Сондай-ақ, 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні, 9 қыркүйек – Отбасы күні, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңі, 10 қазан - Қазақстан кәсіптік одақтарының күні, 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні, 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күні мерекелері өңірдегі азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, өткізілген болатын.

Ағымдығы жылдың 23 қараша күні облыс әкімінің орынбасары С.Ахметтің қатысуымен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің  30 жылдығы» X жергілікті Азаматтық форумы  «Достық» үйінде өтті. Форумда «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздарына марапат табысталды. 24 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған 30 жылдық төсбелгісімен бірқатар облысымыздың азаматтық қоғам өкілдерін марапаттау салтанатты шарасы өткізілді.

2021 жылдың 22 желтоқсан күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай желтоқсаншылармен кездесіп, Тәуелсіздік құндылықтары мен тарихи оқиғаның тағылымы төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, о
блыс орталығының «Тағзым» алаңында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына қойылған ескерткіш белгінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 ( Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.Жыл басынан бері облыс көлемінде 1567  - іс-шара жүзеге асырылды. Оның ішінде халықаралық деңгейде-3, республикалық деңгейде - 19, облыстық деңгейде - 243, қалалық/аудандық деңгейде - 1302 іс-шара.)

Тіл саясаты

2021 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   66,3  млн. теңге қаржы бөлінді.

Жыл ішінде Тілдерді оқыту орталығы арқылы барлығы  2279 адам, оның ішінде 1014 адам мемлекеттік тілді, 493 адам орыс тілін, 772 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.

Есепті мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 208 адам сертификаттық тестілеуден, 110 адам диагностикалық тестілеуден өткізілді. 

Жыл басынан бері мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағытында түрлі форматта, барлығы 320 шара өткізіліп, 8 телебағдарлама,                               2 бейнероликкөрсетілсе, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді түсіндіру мақсатында облыс бойынша 67 шара өткізіліп, жергілікті телеарналардан 61 сюжет көрсетілді. 

Облыстық ономастика комиссиясының 1 отырысы өткізіліп, нәтижесімен 13 ұсыныс қолдау тапты.

Сондай-ақ облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың үш бірлескен шешімімен Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар  ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Республикалық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен Қызылорда қаласындағы 39 көшенің атауы өзгертіліп, 5 көшеге жаңадан атау берілді. Сондай-ақ атау беру жөніндеекі мектепке ҚР Үкіметінің қаулысы шықса, тағы екі мектепке Үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 93 топонимикалық атау енгізілді.                 

Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 1304 кәсіпкерлік нысанға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды.Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлер арасында тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында семинарлар, мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылды.

Алдағы міндеттер

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізу, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша насихаттау жұмыстарының жүргізілуін үйлестіру, идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанғанономастикалық атауларды тарихи атаулармен өзгерту.

Өңірдегі этносаралық ахуал

2021 жыл көлемінде Қызылорда облысында этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Жыл басындағы статистикалық ақпаратқа сүйенсек, облыс халқының 96,4% қазақ ұлтынан, 3,6% – түрлі 35 этностық топтан құралады.

Этностық топтардың басым көпшілігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында тұрғылықты мекен етеді (2,67%). Сондай-ақ Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында түріктердің ықшам орналасуы байқалады. Қалған ауылдық округтер негізінен моноұлттық сипатқа ие.

Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылында түрік этносының өкілдері ықшам орналасқан. Жалпы ауылда 2 382 тұрғын тіркелсе, оның ішінде 998 адам – түрік этносының өкілдері (41,9%). Ауылда бұл уақытқа дейін этностық сипаттағы қақтығыстар орын алмаған.

Қоғамдық пікір жетекшілері мен сала мамандарынан арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы жасақталды.

Этносаралық шиеленіс ықтималдығы туындаған жағдайда құзыретті органдарды уақтылы хабардар ету және тиісті іс-шараларды жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар алгоритміне сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 6 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.

Жыл бойы «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары және т.б. жүргізілді.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша облыстық Ассамблеяның ұйымдастыруымен және бастамасымен түрлі форматтағы 492 іс-шара өткізіліп, онда 75 900 адам қамтылды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ақпараттандырылуда.

YouTube видеохостингінің «Сыр бірлігі» каналында есепті кезеңде облыстық ҚХА бастамасымен әзірленген 82 бейнеролик орналастырылды. Сондай-ақ республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 718 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда 82 бейнеролик, 1125 жариялым жарық көрді.

Жастар саясаты.

2021 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының«Жастармен жұмыс жасау бөлімі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 әлеуметтік жобаны жүзеге асырылды. Жобалардың жалпы құны 117,1 млн. теңге.

Ақпарат ретінде: «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру- 3 495 мың теңге, «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру»- 5 962 мың теңге,  «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру»- 8 425 мың теңге, «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру»-2 453 мың теңге,«Жасыл ел» еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру»- 88 309 мың теңге, «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауын ұйымдастыру»- 8 441 мың теңге.

Аталған жобалар аясында барлығы 500-ден аса(510 шара)түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып, 8000-ға жуық(7891 жас)жас тартылды.

Оның ішіндегі ірі көлемді шаралар: «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны, «Үздік жас маман» байқауы,«Облыстық пікірсайыс турнирі», «Жұлдызды қала» слеті, «Жас отау» жас отбасылар байқауы «Облыстық волонтерлер слеті», «Жас ғалымдардың облыстық слеті», «Жыл волонтері» облыстық сыйлығы.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру»  жобасы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облыстық штабы құрылып, штаб қызметін ұйымдастыру барысында 1871 жас жұмыспен, белгіленген еңбекақымен (55 мың теңге), экипировкамен қамтылды.

Сондай-ақ, «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Сыр волонтерлері» орталығы құрылды. Орталық жанындағы волонтерлердің қатысуымен барлығы 350 шара ұйымдастырылса, оның ішінде 250 шара қайырымдылық бағытта өткізілді.

Ал,«Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауын ұйымдастыру» жобасы аясында 3 жоба(1 орын, 2 орын, 3 орын) қаржылай сыйақы иеленіп, 5 жоба инвесторлардың қаржылай көмегіне (8,5 млн.тенге) ие болды. Облыстық стартап жобалар байқауы биыл 3 рет өткізіліп, 20 дан аса жобаға инвестиция тартылды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ өңірдегі ведомствоаралық өзара іс - қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган«Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес» жұмысы өткізілді.

Барлық деңгейдегі «Жастар ісі жөніндегі кеңестің» 14 отырысы өткізіліп, барлығы56 мәселе қаралды.

Сонымен қатар, 2 мәрте «Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның» отырысы өткізілді.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес құрылған инспекциялық топ
5-30 сәуір аралығында және 23 тамыз-17 қыркүйек аралығында облыстағы мемлекеттік мекемелерде мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Барлығы  637 мемлекеттік мекеме қамтылып, оның ішінде 46 мекемеде кемшілік анықталды. 41-і дер кезінде қалпына келтірілсе, 5 мекемеге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, 29 қыркүйек күні облыс әкімі Г. Н. Әбдіхалықованың «Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің» кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ү.ж. қараша айы «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау айы» ретінде белгіленді.

2021 жылғы қараша айының 1-30 аралығында адрестік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында, жастар мамандары арасында бірнеше мобильді топ құрылып, қала, кент және ауылдық округ жастарынан сауалнамалар алынды

 Сауалнамаға облыс жастарының (жастардың жалпы саны 176 300)38,3 пайызы қамтылды.

Облыс әкімдігі мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді жұмыспен қамту бағытында да тиісті шаралар қабылданды.

2021 жылдың шілде-тамыз айларында 77 студент оқуларын аяқтап, дипломдарын алды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде22 түлек(оның ішінде
3 түлек облыстық басқармалардың көмегімен, 19 түлек өз мүмкіндігі арқылы)
жұмыспен қамтылды.

Дата публикации
10 января 2022